Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың басынан бастап Лебяжі аудандық сотымен берешек соманы өндіру туралы талап оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 49 іс қаралды.

Азаматтық Процестік Кодексінің 145-бабының 2-бөлігі 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Сот ұйғарымымен талап қоюдың оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны белгіленіп, сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзінегіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қосаберіп, он бес жұмыс күніішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі.

Аталған сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талап қоюшының талап арызын олығымен қанағаттандыру жайлы шешім шығарды.   

Қайнар: 
Лебяжі аудандық сотының баспасөз қызметі