Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Украинаның үш азаматы айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБтК-ның бабына көзделген мерзімде ішкі істер органдарында тіркеусіз Қазақстанда бола отыра, халықтың көші-қон саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактісі бойынша Украина азаматтарына қатысты үш әкімшілік істер қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылғы 4-7 тамызда 1986, 1988 және 1990 жылғы Украинаның үш азаматы «Шарбақты» кеден бақылау бөлімінің өткізу бекетінде ұсталған, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімнің 1 бабының талаптарын бұзған, яғни Қазақстан Республикасы заңнамасына белгіленген бес күн өткен соң үш тәулік өткен соң ішкі істер органдарында тіркелу.

Сот отырысында шетелдіктер кінәләрін толығымен мойындады, көші-қон заңнамасы нормаларын білмеген үшін Қазақстаннан кетпеген және визаны ресімдемегенін түсіндірді.  

Сот қаулысымен үшеуі ӘҚБтК 517-бабының екінші бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Әр қайсысына 31815 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі