«Медиация күні» республикалық науқан шеңберінде Ертіс аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Медиация күні» республикалық науқан шеңберінде Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиевпен және судья Д.Нұржановамен аудан әкімдігінің Медиация кабинетінде Ашық есік күні өтті, оған ауданы білім бөлімі» ММ-нің өкілдері, Ақсақалдар кеңесі және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Осы күні кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен азаматтарды қабылдау ұйымдастырды, онда аудан тұрғындары тегін кеңестер мен қойылған сұрақтарына толық жауап ала алды, сонымен қатар медиация рәсімдерін қолдануға қатысты түсінік беріліп, брошюралар таратылды.

Аудандық сотпен жергілікті тұрғындарды Медиация институты жайлы ақпараттандыруға бағытталған белсенді жұмыстар жүргізілгенімен, азаматтар сотқа дейінгі тәртіптегі дауларды  кәсіби емес медиаторлардың көмегімен шешпейді. Кездесу барысында аудандық сотпен жергілікті атқару органдарымен жиі кездесулер өткізілгенмен, кейбір тұрғындармен аудандағы медиация институты мен кәсіби емес медиаторлар жайлы алғаш рет естігендігі айтылды.

Қайнар: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі