Павлодар облысының экономикалық сотында іс партисипативтік рәсім тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дау партисипативті тәртіпте реттелді.

Сотпен талапкер ЖШС «Айтжанова» ЖК 183 750 мың теңге және төлемақы өсімі бойынша 91 875 мың теңге мөлшерінде жалға алу төлем ақысы  бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінгені анықталды.

 Сот ісінің қарауы барысында дауды шешу үшін екі жақ судьяның көмегімен өткізілген, партисипативті түрде келісімге келді. 

Келісім шарты бойынша жауапкер берілген уақыт ішінде арыз берушіге 183 750 мың теңге көлемінде қарызды төлейтінін, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартуға міндеттенді.

Талапкерге 8 269 теңге мөлшерінде мемлкеттік баж қайтарылды, егер партисипативтік келісім тәртібі арқылы іс қысқартылған болса ол қайтаруға келеді.    

Іс бойынша іс жүргізу қысқартылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі