Павлодар облыстық сотында бір қатар семинар сабақтары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында әкімшілік істерді қарайтын облыс судьялары үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істер бойынша сот актілерінің сапасын талқылау бойынша семинарлық сабақтар өтті.  Семинарға азаматтық және әкімшілік істер сот алқасының төрағасы А. Кузеков, облыстық соттың, аудандық соттардың және оларға теңестірілген соттардың судьялары қатысты. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың кейбір актілерін түзеудің себептері мен негіздері талқыланды. Бірінші инстанцияның судьялары қабылдайтын шешімдерінің негіздерін түсіндіріп, пікірлермен алмасты.

Семинарда әкімшілік құқық және іс жүргізу бөлімінің модераторы облыстық соттың судьясы С. Тасмагамбетова  әкімшілік бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жағдайы туралы Жоғарғы Соттың талдау аңықтамасын судьялардың назарларына жеткізді.

Семинар қатысушылары кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік бұзушылықтар жөніндегі істерді қарастырудың  өзекті мәселелерін талқылады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М. Ахметбекова өзінің сөз сөйлеуінде кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын бұзушылықтар жөніндегі әкімшілік істерді қарастыру барысында кәмелетке толмағанның өмір сүру жағдайы мен тәрбиесі, сондай-ақ құқықбұзушылықты жасауға себеп болған жағдайларды ескеру тиіс екенін атап өтті.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының оқу орталығы