Архив событий

01/03/2016

Аудандық соттың шешімімен ауыл тұрғыны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберілді

01/03/2016

Май аудандық сотында азамат Б.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жолдау туралы Май ауданының орталық ауруханасының арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот мәжілісінде Б. тұрғылықты мекені бойынша жағымсыз жағынан сипатталады, яғни, алкогольды ішімдікке шамадын тыс салынуы, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қоғамға қарсы қылықтарға жол бермеу туралы және маскүнемдіктен емделу мен алдын-алу кеңесіне, әңгімелесуге құлақ аспай, өз еркімен емделуден бас тартқан.

Железинка аудандық сотымен ақтау үкімі шығарылды

01/03/2016

Железин аудандық сотымен  азаматХ-қа қатысты жеке айыптау ісі бойынша қылмыстық іс қаралған.
Микронесие ұйымы азамат Х-ті жеке айыптау тәртібінде ҚР ҚК-ң 130 бабы 1 бөлігінде көрсетілген-яғни, жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату-қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағыммен сотқа жүгінген.

Ертіс аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінде жұмыстарды ұйымдастыру бойынша семинар өткізілді

01/03/2016

Павлодар облысының Ертіс аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Т.Мағауовпен «Төрелік» ақпараттық жүйесінде жұмыстарды ұйымдастыру бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинарға судья Д.Нұржанова мен сот мамандары қатысты.
Семинар баяндаушысы Т.Мағауов «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша тиісті нұсқаулық хабарланып, түсінік берілді, кіріс және шығыс құжаттардың рәсімделу тәртібіне мамандардың назары аударылып, аталған жүйедегі жұмыс бойынша нұсқаулықтың талаптарын қатаң ұстану қажеттігі туралы айтылды.

Ертіс аудандық сотында көліктегі құқық бұзушылықтармен байланысты, әкімшілік істерді қараудың маңызды мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

01/03/2016

Павлодар облысының Ертіс аудандық сотында сот төрағасы А.Нұрғалиев, судья Д.Нұржанова, кеңсе меңгерушісі Т.Мағауов және Ертіс ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің аға мемлекеттік көлік инспекторлары Н.Құлмағамбетов пен М.Мұхамеджановтың қатысуымен «Көліктегі құқық бұзушылықтармен байланысты, әкімшілік істерді қараудың маңызды мәселелері» атты тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот маршруттық автобус жүргізушіден 100 мың теңге моральдық зиянды өндіріп алды

01/03/2016

Павлодар қалалық сотымен кәмелеттік жасқа толмаған баланың мүддесін қорғаушы талапкер Т.-ның жауапкерлер К., ЖШС-нен материалдық шығынды және моральдық шығынның өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.