Архив событий

11/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабағы өткізілді

11/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараға Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.
Кеңсе меңгерушісі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып табылатындығын, мемлекеттік тіл – еліміздің барлық аумақтарындағы қолданыстағы қоғамдық қатынастың барлық саласындағы мемлекеттік басқарудың, заңнаманың, сот ісінің және іс жүргізудің тілі» екендігін белгіледі. 

Успен аудандық сотының кеңсе меңгерушісімен ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сот органдарына хаттарды жолдау бойынша оқыту семинарын өткізді

11/03/2016

Успен  аудандық сотында ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен «Сот органдарына хаттарды жолдау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында студентермен көрсеткіш сот отырысы өткізілді

11/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты судьясы М.Мусабаев «Павлодар қаласының евразиятық инновациялық университетінің» студентердің қатысуымен көрсеткіш сот отырысы өткізілді.  
Сотпен азамат М. қатысты іс қаралды, ол 2016 жылы 19 ақпанда Павлодар қаласында тұрғын үйдің жанында азамат М. шекілдеуік шағып, оның қабықтарын жерге тастаған, осылайша қоғамдық пайдалану жерлерін ластаған.

Сотпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

11/03/2016

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамға қатысты абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, ұрлық  фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. (ҚК-нің 106 б. 3 б., 188 б. 1 б.)

Павлодар қаласының № 2 сотта жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

11/03/2016

Павлодар қаласының №2 сотында көлiк құралын басқаратын адамның жол жүру ережесін бұзған салдарынан абайсыздан адам өліміне әкеп соғу және оқиға болған жерден кетіп қалу фактісі бойынша Павлодар қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, айыпталушы Н. мас күйінде өз көлігімен келе жатқан қарама-қарсы көлік ағындарын бөлетін желіде тұрған жаяу жүруші Р.-ді қағып кеткені анықталған. Жол апаты барысында жаяу жүруші Р. жол көлік апатында қайтыс болды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық, қоғамдық қауіпсіздігіне және халық денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбына «дөңгелек үстел»

11/03/2016

2016 жылдың 09 наурызында Павлодар облысы Баянауыл аудандық сотымен «Әкімшілік құқық бұзушылық, қоғамдық қауіпсіздігіне және халық денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысына Баянауыл аудандық сотының төрағасы Д.Салатов, судья С.Даньярова, Павлодар облысы Департаменті Баянауыл ауданы құқық қорғау басқармасының өкілдері МНЭРК Т.Ищанова, Л. Урусова, Ф.Тайжанова, А. Альжанов қатысты.

Шарбақты аудандық сотында «Күзет» қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді

11/03/2016

Шарбақты аудандық сотының мамандары мен Павлодар облысының МКҚБ 1-ші ПБ полицейлерінің қатысуымен «Террористік акті қаупі кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті және әкімшілік ғимараттарына кіргізу (шығару) және ішкі объектілік режимінің тәртібін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Күзет қызметінің басшысы мамандарды кіргізу (шығару) және ішкі объектілік режимінің тәртібімен таныстырды.

Ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

11/03/2016

Железин аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қарады (ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігі)
Іс материалдары бойынша, Д., 2016 жылдың 08 ақпан айында Лесное ауылында жәбірленуші О.,-ның үйіне кіріп, Барс маркалы акумуляторын ұрлап кеткен. Жәбірленуші О.-ға  8 000 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірген.
Сотта жәбірленуші О., мен сотталушы Д., кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, медиация тәртібінде бітімгершілікке келді. Жәбірленуші талаптанбайды, келтірілген барлық материалдық шығындар өтелді.