Архив событий

18/03/2016

Ертіс аудандық сотының ұжымы Ертіс ауданы интернат-үйінің қарттар мен мүгедектерін құттықтады

18/03/2016

Көктем мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Ертіс аудандық сотының ұжымы Ертіс ауданы интернат-үйінінің жалғызбасты зейнеткерлері  мен мүгедектерін құттықтады.
Наурызда қазақ халқының дастархан басындағы басты тағамы «Наурыз көже» болып табылады. Берілген тағам 7 түрлі тағамнан жасалатын көже, өмірдің жеті элементі деген мағынаны білдіреді. Судья Д.Нұржанова қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже дайындап, қарияларға тарту етті. Қарияларға жылы сөздер мен лебіздер айтылды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіруге қатысты істерді қарау тәжірибесін жетілдіру мақсатында

18/03/2016

Павлодар облысы жас судьялар Кеңесімен Павлодар қалалық сотының оқу орталығының шеңберінде «Сотқа құрметтемеушілік білдіруге қатысты істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинардың жұмысына Павлодар облысының қалалық және мамандандырылған соттарының судьялары қатысты.  
Семинардың басты мақсаты – сот процесстерін ұйымдастыру деңгейін ұйымдастыру деңгейін жетілдіру, іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын теріс пайдаланбау және олардың құқыққа қайшы процессуалдық іс-әрекеттеріне жол бермеу болып табылады.   

«Қызметкерлерді үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу»

18/03/2016

 Павлодар аудандық сотында «Қызметкерлерді үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету бойынша профилактикалық және оқыту іс-шараларды өткізу, жарылғыш құрылғылардың орнатылуға мүмкін жерлерді анықтау» тақырыбына Павлодар облысының  МКҚБ қызметі полициясының аға лейтенанты К.Даирбаевтің қатысуымен семинар өткізілді.

Полицияның аға лейтенанты әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты азаматтар жарылғыш құралдарға ұқсас заттарын табу фактілері орын алуы мүмкін. Ондай заттар қоғамдық жерлерде, көліктерде, пәтерлердің есіктерінің жанында, мекемелерде, кәсіпорындарда табылуы мүмкін.

Железин аудандық сотының мамандарымен істерді сот мұрағатына беру тәртібін зерделеді

18/03/2016

Железин аудандық сотында «Істерді сот мұрағатына беру тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова, жетекші маман- мұрағат қызметкері М.Сагнаев  және сот мамандары қатысты.
Мұрағат қызметкері М.Сагнаев істерді ресімдеуде, құруда және мұрағатқа уақытылы тапсыруда сот қызметкерлері тікелей жауапты болатынын және 2012 жылы 21 маусымда бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының  № 217 өкімінің талаптарын басшылыққа алуға міндетті екенін атап өтті.
Семинар соңында қызметкерлер өзара пікір алмасты.

Ертіс аудандық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заң» атты Семинар

18/03/2016

Ертіс аудандық соты сот төрешісі Д.Қ.Нұржанованың, Ертіс аудандық соттың, прокуратураның қызметкерлерімен «ҚР «мемлекеттік қызметі туралы» Заң» атты тақырыбына байланысты семинар өткізген болатын.
2015 жылы 23 қараша күні ҚР мемлекеттік қызметіне түсумен, одан өтумен, аяқтаумен байланысты және мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайын, материалдық қамсыздандыруды және әлеуметтік қорғауды анықтайтын және қоғамдық қатынастарды реттейтін «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заң жарияланған болатын.

Баянауыл аудандық сотында сот шешімнің орындалуына жүгіну бойынша семинар сабағы өткізілді

18/03/2016

Баянаулы аудандық сотында тақырыбында соттың төрағасы, кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен «Сот шешімнін орындалуына жүгіну. Атқару парағының үзінді көшірмесі» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.
Тақырыпты талқылау барысында сот актілерінің  және атқару парақтарының орындалу тәртібіне  аса мән берілді. Дереу орындалу жағыдайларынан басқа, шешім заңды күшіне енген соң орындалуға жүгінеді. Шешім заңды күшіне енген соң атқару парағы жазылады.

Павлодарда «Әкімшілік заңнамада медиацияны қолдану» атты тақырыпта семинар өткізілді

18/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік заңнамада медиацияны қолдану» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Семинарға төраға мен сот судьялары және Павлодар қаласының ІІБ  учаскелік инспекторлары шақырылды.

«Қазақстандағы гендерлік саясат»

18/03/2016

Ертіс аудандық сотында судьясы Д.Нұржанованың, соттың және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді. 
Баяндамашы судья Н.Нуржановамен, мемлекет гендерлік жобалардың бастамашысы болып табылады, гендерлік даму саласында превентивті және озық шараларды қолданады. Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасындағы теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20 астам келісім шарттар мен конвенциялардың қатысушысы болып табылатыны белгіленді.

«Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/03/2016

Успен аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының м.а. Е.Қожабергенов, кеңсе меңгерушісі М.Абдиев және сот мамандары қатысты.
Сот төрағасы іс-шараны аша отырып, өз баяндамасында ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.

Медиация тәртібінді отбасын сақтау

18/03/2016

Железин аудандық сотымен бір кәмелетке толмаған баласы бар отбасының некені бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібінде қысқартылды.
Сот отырысы барысында, отбасыны сақтап қалу мақсатында және тауласуына байланысты, тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу үшін келісімге келген.
Сот ұйғарымы бойынша іс жүргізу медиация тәртібінде қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Ақтоғай аудандық сотымен гендерлік теңдік бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

18/03/2016

Ақтоғай аудандық сотында «Наурыз мейрамы» күніне орай гендерлік теңдік бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға аудандық прокуратура, Павлодар облысының адвокаттар алқасының адвокаты, «Ақтоғай ауданының әділет басқармасы» ММ-нің өкілдері қатысты.

Ақсу қалалық сотында жаңа Еңбек Кодексін қолдану мәселелері бойынша «Дөңгелек Үстел» өтті

18/03/2016

Ақсу қалалық сотында  жаңа Еңбек Кодексі қолдану мәселелері бойынша «Дөңгелек Үстел» өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына сот судялары, прокуратура, мемлекеттік мекемелер, қала кәсіпорындарының өкілдірі және қорғаушылар қатысты.
Сот төрайымы Қ.Теміровамен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам бойынша -ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2016 жылдың қаңтарында заңды күшіне енген және ағымдағы жылдың 23 қарашасында Елбасымен қол қойылған Жаңа Еңбек кодексі әзірленгенін белгілеп өтті.

Азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

18/03/2016

Железин аудандық сотымен С.-тың А-ға 112 мың теңге мөлшерінде  материалды шығынды өндіртіп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Іс материалы бойынша, талапкер мен жауапкер жылқыны бағу туралы ауызша түрде келісім жасаған, талапкер төлем ақысын ай сайын төлеп отырған, бірақ жауапкер міндеттерін толық орындамау барысында бір жасар құлын бұршақ көп жегендіктен өліп қалды.
Сот отырысы барысында, екі тұлға татуласып, жауапкер талапкерден кешірім сұрап, ал талапкер өз талап арызынан бас  тартты.