Архив событий

29/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды

29/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен бірге тұрушы күйеуі ұрып соққан жәбірленушінің жеке шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 16 желтоқсанында сотталушы Шарбақты ауылындағы өз үйінде өзінің бірге тұрушы әйелімен бірге спирттік ішімдік ішкен. Ішімдік ішу барысында олардың араларында жанжал туып, ол шыны бөтелкемен жәбірленушінің басынан ұрған. Арызданушы жеңіл дене жарақаттарын алған.
Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамай, Г. мас болғандықтан бос шыны банкілерге құлағанын көрсетті.

Ақтоғайда қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

29/03/2016

Ақтоғай аудандық сотымен ҚК 187-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұсақ-түйек жымқыру) 22 жасар К. қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.
Іс материалдары бойынша, сотталушы 2016 жылдың 10 наурызда сағат 22-00  шамасында Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында ОМ ауласында орналасқан отын қоймасына кіріп,  ВАЗ-21099 автокөлігімен екі қап көмірді ұрлап кеткен.
Қылмыстың нәтижесінде мектепке 376 тенгеге материалдық шығын келтірілген.

ЖКО ісі бойынша тараптар медиация тәртібінде татуласты

29/03/2016

Павлодар аудандық сотында ТОО талап арызы бойынша  С. жол – көлік оқиғасында 803 574 тенге  зиян келтірген үшін нұқсанды өтеу туралы азаматтық іс қаралды
Сотты талқылау барысында тараптар арасында медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде келісім жүзеге асып, жауапкер С. талапкер ТОО.-ға міндетті түрде 360 000 тенге 2016 жылдың 5 наурыз мерзімінде төлеу керек.
Келісім бойынша міндеттерді тиісті орындамау жағдайында, талапкер ТОО мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру жөнінде сотқа арызбен жүгінуге құқылы.      

Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін Ресей азаматы сотталды

29/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Ресей Федерациясының азаматы сотталды.
Іс материалдары бойынша, сотталушы 2015 жылдың 16 желтоқсанында Мемлекеттік шекараны өткізу бекетінен тыс Қазақстан Республикасынан жаяу кесіп өтіп, 2015 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын қайта бағытта заңсыз өткен.
Сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

Шығынды өтеу жөніндегі азаматтық іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

29/03/2016

Талапкер  А. жауапкер К-ға  су басу салдарынан келтірген  материалдық шығынды  өтеу туралы сотқа талап арыз берді.
Талапкер жеке кәсіпкер, пәтерін кеңсе ретінде пайдаланады, пәтердің бөлігін басқа кәсіпкерлерге жалға береді. Жоғарғы қабатта тұратын пәтердің меншік иесі жауапкердің  жалға алушының кінәсінан болған су басу салдарынан талапкердің кеңсесіне келтірілген шығын бойынша қайта жөндеу жұмыстары 399 726 теңгеге бағаланған. Сонымен қатар, қолжеткізе алмаған пайданың және сот шығындарын өндіру талаптары қойылған. 

Сот бұрын 6 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылған Шарбақты ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады

29/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен бұрын көлік құралын басқару құқығынан айрылған 26 жасар И. қатысты қылмыстық іс қаралды.       
Іс материалдары бойынша, И. 2015 жылдың 22 ақпанында Шарбақты ауылында «ВАЗ 2109» автокөлігін мас күйінде басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Сотталушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындап, досының үйінде сыра ішіп, көлікті басқаруына отырғанын түсіндірді. Ол сотқа осыдан бұрын алты жылға көлік басқару құқығынан айрыла тұра көлікті басқаруға отырғанын түсіндіре алмады.