Архив событий

10/03/2016

Павлодар облысының жас судьялар Кеңесі стол тенисі бойынша жарыс ұйымдастырды

10/03/2016

Павлодар қаласының «Астана» спорттық-сауықтыру комплексінің ғимаратында стол тенисінен жарыс өтті. Іс-шара жас судьялар Кеңесінің ұйымдастыруымен өтті.
Аталмыш шараға 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар облыстағы жас судьялар қатысты.
Жас судьялар Кеңесінің төрағасы Н.Абдикаримовтың айтуынша қатысушылардың мен жанкүйерлердің спорттық шараға тыңғылықты дайындықтары мен жақсы көңіл-күйлері жарысты жоғары деңгейде өткізуге септігін тигізді.
Жарыс соңында жеңімпаздар грамота мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Медиация тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

10/03/2016

Успен аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, азамат М. 2016 жылдың 10 ақпанында сағат 09.00 шамасында Успен ауданының Травянка ауылында Н. тиесілі үйінен жүген мен ұрлаған.
Сот отырысында М. мен жәбірленіші Н. медиаторға жүгінді, оның көмегімен М. мен Н. өзара татуласып, қылмыстық істі қысқарту мақсатында сотқа дауды реттеу туралы келісім ұсынды.
Сот қаулысымен М.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Качир аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы іс жүргізу қатысушыларын хабарландыру бойынша семинар өтті

10/03/2016

Качир аудандық сотында  2016 жылғы 9 наурызда «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы іс жүргізу қатысушыларын хабарландыру бойынша семинар өткізілді.
Өзінің сөз сөйлеуінде кеңсе меңгерушісі Д.Джумабекова ақпараттық жүйе «Төреліктің» мақсаты үрдіске қатысушыларға керек ақпаратты жылдам алу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады, деп  түсіндірді.
«Сотқа шақыру қағазы» виртуалдық жүйесінің хабарландырулары арқылы сот отырысына қатысушыларға сотқа шақыру қағаздары мен сот отырысының болатыны туралы хабарландырады.

Зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

10/03/2016

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің 99 бабының 2 бөлігінің 8 тармағында (пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқанадам өлтiру), ҚК-тің 192 бабының, 2 бөлігінің, 3 тармағында(тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп қарақшылық жасау)қарастырылған қылмыстардың жасалғаны жөнінде азамат Т. айыптауға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін бұзды

10/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен Павлодар қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, азамат Ж. 2016 жылдың 8 ақпанында Шарбақты ауданының Хмельницкое ауылында «Toyota Camry» автокөлігін басқырып келе жатып, жол қиылысында «Ваз-21063» автокөлігіне жол бермей онымен соқтығысып, электірлі желі бағанасына соғылған. Жол апаты барысында электрлі желі бағанасы және автокөліктер зақымдалып, материалдық шығын келтірілген.

Көлік құралын басқару құқығынан айыру

10/03/2016

Іс материалдары бойынша, азамат К. 2016 жылдың 18 ақпанында Шарбақты ауылында есірткілік масан күйінде «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін басқарған.
Әкімшілік істің қаралатын орны және уақыты жайлы тиісті түрде хабарланған құқықбұзушы сот отырысына келген жоқ. Сол себептен, сот істі оның қатысуынсыз қарады.
Сот К. ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткілік масан күйінде көлік құралын басқару) айыпты деп танып, 3 жылғы көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.

Көлік құралын басқару құқығынан айыру

10/03/2016

Іс материалдары бойынша, азамат К. 2016 жылдың 18 ақпанында Шарбақты ауылында есірткілік масан күйінде «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін басқарған.
Әкімшілік істің қаралатын орны және уақыты жайлы тиісті түрде хабарланған құқықбұзушы сот отырысына келген жоқ. Сол себептен, сот істі оның қатысуынсыз қарады.
Сот К. ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткілік масан күйінде көлік құралын басқару) айыпты деп танып, 3 жылғы көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.

Сотта мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша семинар

10/03/2016

Павлодар облысының мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Сотта іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбына семинар өтті.
Сот мамандары алдында «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-нің мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы Г.З. Кокина сөз сөйледі.
Г.З. Кокина слайд әдісін қолдануымен нақты мысалдар келтіріп, сотта мемлекеттік тілде ресми құжаттарды құрастыру бойынша талаптарымен таныстырды.

Ертіс аудандық сотының ұжымы тыл майдангерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

10/03/2016

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ертіс аудандық судьясы Д. Нұржанова, сот кеңсе меңгерушісі Т. Т. Мағауов Ертіс ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны Ұлы Отан Соғысының кезінде тыл майдангері  Таисия Леонтьевна Бобровскаяны құттықтады.
Таисия Леонтьевна 1928 жылдың 24 шілдесінде Омбы облысында дүниеге келді. Өз еңбек жолын 13 жасынан бастады. Соғыс жылдары Қазақстанға, Ертіс ауданына эвакуацияланған, осында зейнетке шығуына дейін жұмыс істеді.