Архив событий

28/03/2016

«Балалармен араласу уақыты мен тәртібін анықтау туралы істер бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеу» тақырыбына семинар

28/03/2016

Павлодар облысының мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотымен «Балалармен қатынасу уақыты мен тәртібін анықтау туралы істер бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеу» тақырыбына семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының судьялары, прокурор көмекшісі Г.Тұяқбаева, «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ-нің қамқоршы және қорғаншы секторының бас маманы З.Бек қатысты. 

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» атты тақырыбында семинарлық сабақ өтті

28/03/2016

Железин аудандық әділет басқармасында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 
Іс-шараға Железин аудандық  әділет басқармасының басшысы В.А.Гурина, әділет басқармасының мамандары С.Аубакирова, А. Мукушева, А.Швабауэр,  Железин ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Е.Аужанов, Железин аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы М.Джураев, Железин аудандық  сот мамандары А. Айтчанов, және   М.Сағнаев қатысты.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық мәселелері және қызмет этикасын, еңбек тәртібін сақтау» семинар-кеңес

28/03/2016

2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық мәселелері және қызмет этикасын, еңбек тәртібін сақтау»атты тақырыбына семинар кеңесі өтті.
Судьялар мен сот мамандарының алдында Павлодар облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықты ескерту бөлімінің бастығы Қуанышбек Кабдиев сөз сөйледі.

Железин аудандық сотымен істерді оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қарау атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

28/03/2016

Железин аудандық сотында «Істерді оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қарау» атты тақырыпта  сот төрағасы Ғ.Ертаевтың, аудандық прокуратураның прокуроры А.Акановтың, ауданының Әділет басқармасының басшысы В.Гуринаның, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Бенераның, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.Оспанованың және КҚМК «Көмек» заңгері О.Ереминаның қатысуымен  дөңгелек үстел  өтті.

Май аудандық сотында АІЖК-нің 39 және 40 тараулары бойынша мәжбүрлеп емдеуге жолдау жөнінде істер бойынша сот ісін жүргізу мәселелері тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

28/03/2016

Май аудандық сотында АІЖК-нің 39 және 40 тараулары бойынша мәжбүрлеп емдеуге жолдау жөнінде істер бойынша сот ісін жүргізу, сонымен қатар, АІЖК 40 тарауы бойынша туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы сот ісін жүргізу тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» отырысына сот төрайымы Ұ.Рахимбергенова, Май аудандық орталық ауруханасының, Май аудандық түберкулезге қарсы ауруханасының, аудандық ішкі істер органының жергілікті полициясының және аудандық жергілікті баспасөз өкілдері қатысты.

Павлодар аудандық сотында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам: құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған сот жүйесі реформасы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді

28/03/2016

Павлодар аудандық сотында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам: құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған сот жүйесі реформасы» атты тақырыбына дөңгеле үстел өткізілді.

Шарбақты аудандық сотымен бұзумен ұрлық жасау бойынша қылмыстық іс қаралды

28/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен бұзумен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 1989 және 1997 жылы туған Маралды ауылының тұрғындары 2015 жылдың 23 желтоқсанында Хмельницкое ауылында орналасқан үйдің кіреберіс есіктің құлпын сындырып, бір бөтелке арақ, электр ет тартқыш, кеселер, ресивер және гитараны ұрлап кеткен.
Қылмыс барысында жәбірленушіге 47150 тенге материалдық шығын келтірілген.
Сотталушылар сот отырысында кінәларын толығымен мойындады.

Павлодар қалалық соты көтерме жәрдемақыны өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

28/03/2016

Павлодар қалалық сотымен «Павлодар облысы Ақтоғай ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ-нің жауапкер Ж.-дан қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.   

Әр түрлі мемлекетте тұратын бұрынғы ерлі зайыптылар, кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жерін анықтау жөніндегі сот шешімімен келісті

28/03/2016

Кәмелетке толмаған Николай мен Иванның тұрғылықты жерін анықтау жөнінде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарық сотының шешімі заңды күшіне енді. 
Қазақстан Республикасының азаматы Павлодар қаласының тұрғыны балалардың әкесінің және Новосибирск қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасының азаматшасы балалардың анасының балалардың ьұрғылықты жерін анықтау жөнінде талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Террорлыққа қарсы қорғауын тиісті түрде орындамау

28/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Атриум» ӨКФ ЖШС-не қатысты террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 149 бабының 1 бөлімі).

Сот әділдігін жүзеге асыру кезінде іс жүргізу мерзімін сақтау және электронды сот ісін жүргізуді енізу мәселелері бойынша семинар

28/03/2016

Павлодар облысының Май аудандық сотында «Электрондық сот ісін жүргізуді енгізу және сот әділдігін жүзеге асыру кезеніндегі іс-жүргізушілік мерзімдерді сақтау» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова, кеңсе меңгерушісінің м.а. З.Жүнісбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Семинарды сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова ашып, бүгінгі таңда сот саласында көптеген жаңа заманауи технологиялар енгізіліп жатқандығын айтып, сөз кезегін баяндамашы кеңсе меңгерушісінің м.а. З.Жүнісбаеваға берді.

Облыстың экономикалық соттың қызметкерлерімен атқарушылық құжаттарды, сот актілерін орындауға жолдау бойынша семинар өткізілді

28/03/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қолдану басшылығы. «Төрелік» ақпараттық жүйесі» тақырыбына сот мамандарымен семинарлық-оқу өткізілді, онда атқару құжаттарын орындауға жолдау мәселелері талқыланды.
Кеңсе меңгерушісі А.Аселкан судья және сот мәжілісінің хатшысы рөлінде  атқарушылық құжаттың карточкасын толтыру тәртібі туралы баяндады. Баяндамашы атқарушылық құжаттарын электрондық түрде жолдау қажет екенін белгіледі.

Жүргіншіге жол бермеу

28/03/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен - Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бүлдіріп, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiру бойынша әкімшілік іс қаралды.

Талапкер жазбаша түрде сотқа алғысын білдірді

28/03/2016

Талапкер Г.Боголюбов 2002 жылы туған ұлы Игорьды анасының көмегінсіз 2005 жылдан бастап тәрбиелеп келіп, сотқа ата-ана құқығынан айыру жөнінде арызбен жүгінді.
Сотқа талап арызбен жүгіну себебі туысқандарының шақыруы бойынша демалыс кезінде ұлына Германияны көрсетпек болды.
Іс материалдары бойынша, талапкерге 2005 жылдан бастап баланың анасы жөнінде еш хабары жоқ, сол себептен соттан істі жауапкердің қатысуынсыз қарауды сұрады.