Архив событий

15/03/2016

Заңды тұлға атқару органы басшысының еңбегі Еңбек кодексімен белгіленген ерекшеліктер сәйкес реттеледі

15/03/2016

Павлодар қалалық сотында талапкер азаматша Ч.-ның жауапкер М., ЖШС-і, тіркеу органына қатысушының әрекетсіздігін заңсыз деп таны, еңбек қатынастарының қысқару фактісін анықтау және базаға өзгерістерді енгізу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 
Істің мәні бойынша, 2009 жылы қазан айында азаматша Ч. ЖШС-нің директоры лауазымына тағайындалған. 2011 жылдың қараша айында ЖШС-н құрушыға пошта арқылы Еңбек кодексінің 57 бабы 1 бөлігіне сәйкес жұмыстан босату туралы өтініш жолданған.    

Некені бұзу туралы дау мидиация тәртібінде реттелді

15/03/2016

Ертіс аудандық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қарастырылды.
Некені бұзу туралы алдын ала сот отырысы барысында медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде тараптармен келісім орнатылды.
Судьяның дауды бейбіт түрде шешу мақсатында медиация рәсімін жүргізуінің нәтижесінде тараптар отбасын сақтап қалу туралы қортындыға келді.
Іс бойынша сот ісін жүргізу қысқартылды. Талапкердің талап арызды беру барысында мемлекеттік баж алымын төлеуге кеткен шығыны қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Сот қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты

15/03/2016

Павлодар облысының Май аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Сотпен азамат А. азаматша А.В-ның үйіне келіп, сонғысының еркіне қарсы үйіне кіріп, азаматша А.В-ға қатысты оның рұқсатынсыз оған келуге, онымен ауызша сөйлесуге және онымен 30 тәулік ішінде қарым-қатынас жасауға тыйым салу туралы Май ауданының ІІБ-нің участкелік полиция инспекторымен тағайындалған қорғау нұсқамасын бұзған.

ҚАЗАҚСТАНДА ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫНА КЕЛЕШЕК ЗАҢГЕРЛЕР БУЫНЫНЫҢ КӨЗ ҚАРАСЫ

15/03/2016

Павлодар облысы жас судьялар Кеңесімен жернгілікті ЖОО-ның студенттері арасында «Қазақстанда құқықтық дауларды реттеу үшін татуластыру рәсімдерінің құрылуы мен дамуының келешегі» атты тақырыпта ең үздік ЭССЕ-ге конкурс жарияланды. 
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2016 жылы наурыздың 14-27 күндері аралығында қабылданады. 
Сараптама кеңесінің құрамына Павлодар қалалық сотының судьялары, адвокаттар Алқасының және Медиаторлардың Ұлттық палатасы өкілдері, сонымен қатар, ЖОО-ның ұстаздар, конкурсқа тікелей қатысатын студенттер кіреді.      

Партисипативтік рәсім тәртібінде тұрғын үйден босату дауы реттелді

15/03/2016

Ертіс аудандық сотымен тұрғын үйден босату және пайдалану (мекендеу) құқығын мойындау туралы азаматтық іс қаралды.
Іс бойынша аладын ала сот отырысы барсында тұрғын үйден босату партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттеу жөнінде тараптармен келісім орнатылды.
Тараптар дауды бейбіт түрде шешу мақсатында партисипативтік рәсім өткізілгеннен кейін өзара тиімді келісімге келді. Іс бойынша сот ісін жүргізу қысқартылды. Талапкердің талап арызды беру барысында мемлекеттік баж алымын төлеуге кеткен шығыны өзіне қайтарылып беріледі.

Сот еңбекке жарамды бұрынғы жұбайына алиментті өндіру туралы талап арызына бас тартты

15/03/2016

Ертіс аудандық сотымен бұрынғы жұбайына алиментті өндіру туралы М. талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.
Сотпен, талапкердің С.-мен бірге тұрған уақытында жарақат алу нәтижесінде 2 топтағы мүгедек атанып есепке алынғаны анықталды. Ұзақ емделуден өткеннен кейін азаматша М.-ның деңсаулығы жақсарды. 2003 жылы комиссияның шешімі нәтижесінде М. азаматша мүгедектік есебінен алынып, мүгедек бойынша зейнетақы алуды қойды. Жауапкермен заңды неке 2013 жылы бұзылды. Қазіргі уақытта «Нұр отан» партиясында еден жуушы болып жұмыс істейді.

Алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін 30 тәулік әкімшілік қамауға алу

15/03/2016

Ертіс аудандық сотымен  азамат С. ӘҚБтК 608-бабының 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қарастырылды.
Құқық бұзушы С. Ертіс ауылында масаң күйінде көлік құралын басқарды. Көрсетілген құқық бұзушылық 2016 жылғы 5 қаңтардан сот қаулысымен салынған 1 жылдың ағымында әкімшілік жаза мерзімінің өтуінен кейін, қайтадан көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғамен жасалынды.
Сотта азамат С. жасаған құқық бұзушылығын мойындады.

Сот отырысының қысқа түрдегі хаттамасын құрастыру

15/03/2016

Май аудандық сотының бас маманы М.Білтаевамен сот мамандары арасында «Сот отырысының қысқа түрдегі хаттамасын құрастыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында баяндамашы барлық сот отырысындағы жазылып алынған істер бойынша дыбыс, бейне-жазбалармен қысқаша жазба түрінде хаттама барлық жағдайда құрастырылады деп белгілеп өтті.

Лебяжі аудандық сотында «Партисипативтық тәртіп» тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өткізілді

15/03/2016

2016 жылдың 11 – ші наурызда  Лебяжі аудандық сотымен және адвокат А. Арынованың қатысуымен «Партисипативтық тәртіп» тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өткізілді.
Баяндамамен сот төрағасы К. Султанов сөз сөйледі. Жана Қазақстан Республикасының Азаматтық – процессуалдық кодексін қолдауына байланысты, партисипативтык тәртіп адвокаттын қатысуымен жақтардың татуласу жана қолдану тәсілі. Азаматтық процессінде партисипативтық тәртіп – жақтар арасындағы, адвокаттын қатысуымен дауды шешу, өз еркілерімен екі жаққа тиімді шешімге келу мақсатында, судьяның қатысуынсыз.

Құқық қорғау органдармен «Тұрмыстық зорлық - зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы семинар өткізілді

15/03/2016

2016 жылдың 9 – шы наурызда Лебяжі аудандық сотымен және құқық қорғау органдардың қызметкерлерімен тұрмыстық зорлық – зомбылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы семинар өткізілді.
Семинарға судья Б.Т.Сабитденова, кеңсе менгерушісі Ж.Н. Елубаев, мамандар М.Ж. Ерманов, Ж.С.Джуламанова, К.К. Омирова. Г.Е.Нурпеисова, прокурор С.Маратұлы, ІІБ М.Айдархан қатысты.
Тұрмыстық зорлық – зомбылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы баяндамамен судья Б.Т. Сабитденова сөз сөйледі.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында нұсқаманы бұзумен байланысты істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

15/03/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Нұсқамалардың орындамауына байланысты істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Беріліген іс-шараға сот төрағасы Г.Қалдаров, судьялар М.Григорьев, Д.Нұрсұлтанова, Екібастұз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Ж.Абусейт, аға прокурор Н.Турубаев, Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас мамандары Г.Шайкенова, Ж.Досмагамбетова, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің басшысы С.Қымызкенова  және сот мамандары қатысты.