Архив событий

02/03/2016

Тұрғын үйге заңсыз басып кіру туралы қылмыстық іс жөніндегі сот ісін жүргізу медиация тәртібінде қысқартылды

02/03/2016

Ертіс аудандық сотынмен Ертіс ауылының тұрғыны түнгі мерзімде  жасалынған, тұрғын үйге онда тұратын  адамның  қалауысыз заңсыз басып кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (149-бабының 2 бөлігі)

Сот шешімін орындамағаны үшін шаруа қожалығының басшысына айып салынды

02/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен сот актісі мен атқару құжатын орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды. 
2012 жылдың 5 қыркүйегіндегі сот шешіміне сәйкес шаруа қожалығының басшысынан  ЖШС пайдасына 3847588 теңге көлемінде қарыз өндіріліп алынғаны анықталды.Сот орындаушысының бірнеше рет ескертуіне қарамастан, борышкермен сот шешімі орындалған жоқ.
Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, қарыздан бас тартпайтынын айтты. Денсаулығына байланысты тұрақты жұмысы жоқ және қарызды мүмкіндігі бойынша төлейді.

Ата-аналармен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамауда жауапкершілік көзделген

02/03/2016

Павлодар облысының Май аудандық сотымен Май ауданының тұрғыны У-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127 бабы 1 бөлігі бойынша (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, У. кәмелетке толмаған 1999 және 2001 жылы туған балаларының тәрбиесі бойынша себепсіз жағдайлармен айналыспаған, балалар қараусыз қалған. Үлкен баласы қазіргі уақытта бөтен адамдардың қолында.  

Сот отырысында Л. өз кінәсін толық мойындап, өз балаларына бақылауды жоғалтқанын  түсіндірді.

«Сот отырысында аудио және бейне жазбаны қолдану ережелер» тақырыбына семинар

02/03/2016

Баянауыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Р. Шалбаева мамандармен аудио-, бейнежазба, сот отырысының тіркелуін қамтамасыз ету, аудио-, бейнежазбаны сақтау және аудио жою туралы оқыту семинарын өткізді.
Аудио, бейнежазба мақсаты сот отырысын талқылау барысында дәл тіркеу, және азаматтық, қылмыстық іс жүргізілуде нақты мәліметтерді анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық істерінде, немесе іс барысында тәртіптік жағдайында анықтау.
Осы күнде барлық сот отырысы аудио-, бейнежазбада тіркеу қолдану арқылы қаралады.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының базасында «Әкімшілік заңнамада құқықта қолдану мәселесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

02/03/2016

Іс-шара Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының базасында Павлодар қаласының Павлодар облыстық сотының судьясы Г.Сагиденов, Г.Джаппарова, әкімшілік істерді қарайтын аудандық (қалалық) оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысуымен өткізілді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу актілерді сапалы құрастыру» тақырыбына Павлодар облыстық сотының судьясы Г.Сағиденов баяндамамен сөз сөйледі.

Шетелдікпен Қазақстан Республикасында болу ережесі бұзылған

02/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзып, көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасы аумағынан кетуден жалтараған Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта құқықбұзушы ақшалай қаражаты болмағандықтан Қазақстан Республикасы аумағынан уақытында кетпегенін түсіндірді.
Сот оны ӘҚБК 517-бабының 4-бөлігі бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танып, 1 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жазасын тағайындады.  
Қаулы заңды күшіне енді.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында "Ашық есік күні" өтті

02/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот әділдігін жүзеге асырудың ашықтығы мен қол жетімдігін қамтамассыз мақсатында азаматтар үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
Павлодар қаласының тұрғындары сот төрағасы Н. Есенжоловқа сотта қаулылырға шағымдану тәртібі жөнінде, талап арыздарды және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы құжаттарды тапсыру, смс хабарландыру мәселелері бойынша жүгінді. 
Кездесу нәтижесі бойынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірулер берілді.

Баянауыл аудандық сотымен Ашық есік күні өткізілді

02/03/2016

Осыдан бұрын аудандық газетінде, аудандық сот сайтында, сот ғимаратында сотпен «Ашық есік күні» өткізілетіндігі туралы хабарламалар жарияланды.
Ашық есік күнін өткізу шеңберінде сот төрағасы азаматтарды қабылдады, келушілер үшін жария таныстырылым ұйымдастырылып, ақпараттық киоск, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жұмысы түсіндірілді.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

02/03/2016

Май аудандық сотымен «Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын  адамдарға  сыйламаушылық  көрсету фактісі  бойыша әкімшілік  іс қаралды. (ӘҚБтК-ң 73б.1б.)
Іс материалдары бойынша, азамат К. өз пәтерінде бола тұра, жұбайына себепсіз жанжал ашып, былапыт сөйлегені анықталды.
Осы факт бойынша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды.
Сот талқылауы барысында құқықбұзушы мен жәбірленушіден медиация тәртібінде тараптардан бітістіру жөнінде өтініш түсті.

Сот залынан

02/03/2016

ӘҚБтК 517 бабына сәйкес шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасында ішкі істер органдарында тіркеусіз тұрғаны, көрсетілген мерзімнен артық тұрғаны, немесе тіркеуде көрсетілген мекен-жайда тұрмағаны немесе Қазақстан аумағы бойынша транзиттік өтудің ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік анықталды.