Архив событий

09/03/2016

Шарбақты ауданының әкімшілігінде азаматтар мен ауыл округтері әкімшілігінің аудандық соттың судьясы және медиаторлармен кездесу өтті

09/03/2016

Шарбақты ауданының әкімшілігінде азаматтар мен ауылдық округтерінің әкімшілігімен аудандық соттың судьясы, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Медиация – дауды шешудің тәсілі» тақырыбында кездесу өткізілді.

ЖКО орнын тастап кету

09/03/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  жүргізушінің жол жүру қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару фактісі бойынша іс қаралды (ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігі)
Іс бойынша, 2016 жылы 12 ақпан айында құқық бұзушы Ш. көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра өзінің басқаруындағы «Ваз 2101» маркалы автокөлігімен, жол көлік оқиғасын жасады, содан кейін оқиға орнын тастап кеткені анықталды.

Есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

09/03/2016

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды (ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігінде 3 тармағы).