Архив событий

14/03/2016

Павлодар облысының экономикалық соты мен «Медиацины дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды

14/03/2016

Павлодар облысының экономикалық соты мен «Медиацины дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.
«Медиация туралы» Заңының және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексімен қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен Павлодар облысы бойынша «Медиацияны дамыту орталығы Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша семинар өткізілді

14/03/2016

Баянауыл аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет – өткізу режимін сақтау» тақырыбында сот мамандары және МКҚБ ММ-нің
полиция қызметкерлері арасында семинар өткізілді.
Семинар өткізу барысында сот ғимаратына кіру және ішкі объектілік режим жөнінде қамтамассыз ету талаптарын сақтау мәселелері талқыланып,
жеке және заңды тұлғалармен іс барысынан тыс қарым-қатынасқа тыйым салу ,  кез-келген келенсіз жағдайлардан аулақ болып, адал, сапалы  қызметтік міндеттерін  атқару туралы айтылды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексі бойынша кезекті семинар өткізілді

14/03/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «2015 жылдың 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік Кодексі» тақырыбы бойынша семинарлық-оқу өткізілді.
Баяндамашы судья А.Тургымбай  Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға уәкілеттілік түсінігі мен құқықтық  мәртебесі туралы баяндамамен сөз сөйледі.
Кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік туралы судья А.Тюлембекова сөз сөйледі. Кодекстің әрекет етуі және кейбір нормалардың қолдану тәртібі туралы айтып кетті.

Семинарлық сабақ өткізілді

14/03/2016

Баянауыл аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің ажырамас бөлігі» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.
Соттың бас маманы М.Құнанбаева мемлекеттік тілдің сот өндірісіндегі рөлін баяндамасында атап өтті. Мемлекеттік тілді сот өндірісіне енгізу бойынша шараларды күшейту қажет екендігі айтылды.
Сондай-ақ , статистикалық мәліметтер бойынша Баянауыл аудандық сотында қылмыстық істердің 5%-ға жуығы, азаматтық істердің 13%-ға және әкімшілік істердің  23%-ға жуығы мемлекеттік тілде қаралған.

«Гендерлік тендік» тақырыбына «дөңгелек үстел»

14/03/2016

Шарбақты аудандық сотында «Гендерлік тендік» тақырыбана «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға аудандық прокуратура, сот актілерін орындау бөлімі өкілдері және аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдер жөніндегі инспекторының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында аудандық соттың төрағасы Х.Сраилов баяндама оқып, еліміздегі гендерлік саясат төңірегіндегі жалпы жетістіктер мен өзекті мәселелерге тоқталды.

ЖШС-ның пайдасына жеке кәсіпкерден қарыз өндіріп алынды

14/03/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тұрғын М. ЖШС-нің А. ЖК-не талап арызы бойынша қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап арызды 2013 жылдың 21 тамыз айында талапкер мен жауапкер арасында несие беру туралы келісім шарт жасалғанына негіздейді. Шартқа сәйкес, жылдық 6 пайыз 51 ай ішінде толық төлеп, қайтаруға және толығымен қолдану шарты бойынша 700 000 теңге несие береді.
Алайда, жауапкер 2015 жылдың мамыр айынан шартың міндеттерін орындамайды.

Ата-ананың құқықтары баланың мүддесіне қара-қайшы жүзеге аспайды

14/03/2016

Павлодар қалалық сотында талапкер азамат Ш.-ның азаматшалар Ш. және А.-дан кәмелеттік жасқа толмаған балаларды асырау үшін өндірілетін алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызы қаралды.
Сот мәжілісінде азамат Ш.-ның азаматша Ш.-мен араларында заңды некелері тіркелгендігі және олардың кәмелеттік жасқа толмаған ұл балалары бар екендігі, сонымен қатар, талапкердің азаматша А.-дан кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар екендігі анықталды.    

Павлодар облысының жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

14/03/2016

«Қазақстан Республикасы соттарының судьялары мен төрағалары лауазымынан босату және лауазымға тағайындау жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 25 ақпанындағы № 203 Жарлығымен Павлодар, Екібастұз қалалық соттарына, Екібастұз қаласының әкімшілік сотына жаңа тағайындалған судьялар келді.

Соған байланысты, Павлодар облыстық сотында пленарлық отырыс өтіп, онда жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.