Архив событий

08/03/2016

«Соттарға әкімшілік істерді электронды түрде жолдау» тақырыбына Павлодар филиалының «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» өкілінің қатысумен семинар өткізілді

08/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» жүйесін көрсетуімен «Әкімшілік істерді электронды түрде жергілікті соттарға жолдау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Е.Қосубаев, Павлодар филиалының «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» өкілі К.К.Балтабаева және соттың мамандары қатысты.
Семинар барысында «сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жүзеге асырылуы бойынша мәселелер талқыланды.

«Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбына семинар

08/03/2016

Железин аудандық сотында «Жаңа азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Аталған шараға аудандық   сот төрағасы Ғ.Ертаев, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова және сот мамандары қатысты.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде істерді қарау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

08/03/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша өзекті мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық сотта сотқа қылмыстық істерді тапсыру және алдын-ала тергеу өткізу мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

08/03/2016

Май аудандық сотында «Сотқа қылмыстық істерді тапсыру және алдын ала тергеу өткізу мәселелері бойынша» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мәжілісіне Май ауданы прокуратурасының прокуроры С.Жакубаева, тергеу бөлімінің басшысы Д.Сағымбаев, тергеушілер Д.Темирғалинов, Г.Гатин,  және заң кеңесінің адвокаты А.Есирова қатысты.

Шарбақты ауданының әкімшілігінде азаматтар мен ауыл округтері әкімшілігінің аудандық соттың судьясы және медиаторлармен кездесу өтті

08/03/2016

Шарбақты ауданының әкімшілігінде азаматтар мен ауылдық округтерінің әкімшілігімен аудандық соттың судьясы, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Медиация – дауды шешудің тәсілі» тақырыбында кездесу өткізілді.

«Ювеналдық соттың жастар бастамасын дамыту Орталығымен жұмысын үйлестіру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

08/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ювеналдық соттың жастар бастамасын дамыту Орталығымен жұмысын үйлестіру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі, мамандар, «Жастар бастамасын дамыту  Орталығы» КМК инспекторы заңгер Д.К. Смағұлова қатысты.