Архив событий

16/03/2016

Сот ісін жүргізуде жаңа технологияларды енгізу бойынша семинар

16/03/2016

2016 жылдың 16 наурызында Железин аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова және кеңсе қызметкерлері қатысуымен  «Төрелік» жүйесі бойынша атқарушылық құжаттарды орындау үшін және сот орындаушыларының қаулыларын электрондық түрде санкциялау бойынша тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Сот медиациясы қарқындап келеді

16/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында медиация тәртібінде дауды реттеу себебі бойынша екі азаматтық іс қысқартылды.
Тараптар сотта төрағалақ етуші судьямен медиацияны өткізу жөнінде өтініш білдірді.
2010 жылы туған қызы Варвараны тұрғылықты жерін анықтау жөнінде талапкер А.Б.Тюменованың талабының бірінші іс бойынша жеткен келісім шартына сәйкес, баланың тұрғылықты жері әкесімен анықталған және ананың баламен қатынасу тәртібі мен уақыты белгіленді.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау тәртібі» тақырыбына семинар сабағы

16/03/2016

Успен аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйсінде жұмыс жасау тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі М.Абдиев және сот  мамандары қатысты.

Миграциялық заңнаманы бұзу үшін айыппұл салынды

16/03/2016

Железин аудандық сотымен Ресей Федерациясының азаматы Б. қатысты, миграциялық заңнаманы бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Б. Қазақстан Республикасы аумағына кіріп миграциялық карточкаға тіркелу кезінде тіркелген мекен-жай бойынша тұрмағаны анықталды.
Сот отырыс кезінде Б., өз кінәсін толық  мойындап, оның  миграциялық карточкада көрсетілген мекен-жайда тұруы қажет екенін  білмегенін түсіндірді. Жасаған ісіне өкінді.

Сот ғимаратында өткізу режимін қамтамасыз ету және күзетудің өзара ұйымдастыру тәртібі

16/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот ғимаратында   өткізу режимін қамтамасыз ету және күзетудің өзаұйымдастыру тәртібі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға аудандық сотының аға сот приставы мен сот ғимаратын күзетуді жүзеге асыратын МКҚБ күзет қызметкерлері қатысты.

Павлодар қалалық сотының оқу орталығында сот мамандарының арасында кезекті оқу семинары өтті

16/03/2016

Павлодар қалалық сотының оқу орталығында сот мамандарының арасында кезекті оқу семинары өтті. Аталған шара Павлодар қалалық сотының жоспарын жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, базалық сот ретінде қалалық сотта өңірдегі басқа сот мамандарының тағылымдамадан өтуі жүйелі ұйымдастырылып отырады.
Семинарда сот мамандары А.М.Каримова «Сот актілерінің заңды күшіне енуі», Н.Е.Альжанова «Сот мәжілісінің хаттамасымен танысу», Н.Ю.Твердохлеб «Азаматтық істі апелляциялық сотыдағы сотта қарау үшін дайындау» атты тақырыптарды баяндама оқыды. 

Ертіс аудандық сотымен келісілген іс жүргізуді қолдануымен қарастырылған қылмыстық іс қаралды

16/03/2016

Ертіс ауданының сотына кінәсін мойындау түрінде іс жүргізу келісімімен қылмыстық іс түсті.
Сотқа дейінгі іс жүргізуде прокурор айыптау бабымен қарастырылған жазалаудың ең қатаң түрінің  мөлшері немесе  жазаның ең ұзақ мерзімінің жартысынан аспайтын жаза тағайындауына жататын күдіктімен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасады.
2016 жылдың 29 ақпанында  сот үкімімен азамат Н. ҚК 106 бабының 1 бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана түрде ауыр зиян келтіру) 3 жыл мерзіміне бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Қылмыстық іс жүргізуде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша семинар өткізілді

16/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Қылмыстық іс жүргізуде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинарға Павлодар қаласының прокуратура бөлімінің аға прокуроры А.К.Оспанова, Павлодар қаласының №2 заң консультациясы адвокаты Г.С.Оспанова, К.К.Аубакирова, А.М.Махамбетова-Қалыкова қатысты.

Жол жүру ережесін бұзған салдарынан абайсыздан адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

16/03/2016

Павлодар қаласының №2 сотында ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша «көлiк құралын басқаратын адамның жол жүру ережесін бұзған салдарынан абайсыздан адам өліміне әкеп соғу» қылмыс жасауда Павлодар қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 02 қазан айында айыпталушы Павлодар қаласының Гагарин көшесінің ауласында өз көлігімен артқы қозғалыс жасап жатқан кезде, жаяу жүріп келе жатқан кісіні қағып, жәбірленуші дене жарақатымен аурухананың ренимациялық бөлімшесінде қайтыс болды.

Медиация тәртібінде қаралды

16/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен ҚК 188 бабы 1 бөлігі бойынша (ұрлық) жеке мүлікті ұрлағаны үшін Галкин ауылының жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыстық іс келесі мән-жайлар бойынша қаралды, 2015 жылдың 25 қыркүйегінде сотталушы өзінің танысының үйіне келген. Бірге шай ішкеннен кейін үй иесінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, құны 30600 тенге тұратын «LG» маркалы телефонын және тоназытқыштағы қойдың етін ұрлап кеткен.

«Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында семинар өтті

16/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында семинар өтті, семинарға сот төрағасы Н. Есенжолов және судьялар қатысты.
Іс-шара барысында гендерлік саясаттың басты бағыттары, атап айтқанда отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, біздің елде қазіргі заманғы гендерлік саясаттың концептуалды базасын қалыптастыру мен дамыту бойынша мақсатты және жүйелік жұмыстың жалғасып жатқанына назар аударылды.

«Азық-түлік қауіпсіздік мониторингі нәтижесі бойынша берілетін нұсқаманы орындамау мәселелері талқыланды

16/03/2016

Успен аудандық соты «Азық-түлік қауіпсіздік мониторингі нәтижесі бойынша берілетін нұсқаманы орындамаумен байланысты өзекті мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
         Аталған іс-шараға Успен аудандық сотының төрағасының міңдет атқарушы Е.Қожабергенов, сот қызметкерлері, Успен ауданы  тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басышының орынбасары А.Абдрахманова, Успен ауданы  тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы А.Мамунова қатысты.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот орындаушылармен «Дөңгелек үстел» өткізілді

16/03/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қаулылардың орындалу тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
«Дөңгелек үстел» отырысына сот төрағасы Г.Калдаров, судья Д.Нұрсұлтанова, Екібастұз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Н.Шегенов, Павлодар облысы Әділет департаментінің Екібастұз аумақтық бөлімінің басшысы С.Касенов, Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының Екібастұз аудандық регионалды участкелігінің басшысы  Б.Жансакалов, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар және сот мамандары қатысты.

Азаматты әрекетке қабілетсіздеп тану істер бойынша жүргізу

16/03/2016

Железин аудандық сотында «Азаматты әрекетке қабілетсіздеп тану істер бойынша жүргізу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот төрағасы Ғ.Ертаев., аудандық білім бөлімінің басшысы К.Ибрагимов., Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Даулетов және кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова қатысты. 

Жол жүру ережесін бұзушы

16/03/2016

Май аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлімі бойынша жүргізуші А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, Көктөбе ауылының тұрғыны ВАЗ-21074 автокөлігін басқарған,  келе жатқан Фольксваген автокөлігіне жол бермей соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан беріліген автокөлік механикалық зақым алды, ал оның  иесіне материалдық залал келтірген.
Сот отырысында әкімшілікке жауапкершілікке тартылған  құқықбұзушы  А. өз кінәсін толық мойындады . 

Баланың мүддесі үшін ата-аналар сот медиация тәртібінде дауды (шиеленісті) реттеу жөнінде келісімге келді

16/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған 2011 жылы туған Аделинаның ата-анасы арасында сот медиация тәртібінде дауды(шиеленісті) реттеу жөнінде келісім бекітілді.

Ерлі – зайыптылардың келісімі бойынша неке сақталды

16/03/2016

Павлодар облысы Лебяжі ауданының сотымен талапкер К. жауапкер Н-пен некені бұзу жөнінде талап - арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талапкер К. өз талабында, 2008 жылы Н-пен некеге тұрғанын, бірақ тұрмыстық қатынастар қалыптасқан жоқ, соттан некені бұзуды сұрады.
Сот отырысында тараптардан медиация тәртібінде дауды реттеу бойынша келісім жасауды бекіту жөнінде өтініш түсті.
Сот, неке бұзу туралы азаматтық ісін медиация тәртібінде қысқартуды ұйғарды.
Шешім заңды күшіне енді.