Архив событий

03/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Павлодар қаласының ІІБ инспекторларымен семинар өткізілді

03/03/2016

Іс-шара Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының базасында төраға Н.Есенжолов, судья С.Тасмагамбетова, жергілікті участкілік инспекторлар, Павлодар қаласының ІІБ әкімшілік полиция инспекторларының қатысумен өткізілді.
«Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамаларды сапалы құрастыру» тақырыбына судья С.Тасмағамбетова баяндамамен сөз сөйледі.
Семинарда әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамаларды құрастыру сапасы талқыланды.

Ювенальным судом области рассмотрено уголовное дело по факту 43-х эпизодов угонов автомашин и краж

03/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 43 эпизодпен ұрлық және автокөліктерді айдап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс келісу іс жүргізуінде қаралды.
Іс материалдары бойынша, алдағы уақытта ұқсас бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған А.Ворончук пен В.Чистяков  түңгі уақытта ұрлау мақсатынсыз көлік құралдарын айдап әкетіп, жүру барысында бүлдірген. Сонымен қатар, автокөліктердің салонынан мүліктерді ұрлап, осылайша көлік иелеріне нұқсан келтірген. 

Сауда ойын-сауық орталығында ұрлық жасауға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

03/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотымен сауда ойын-сауық орталығында ұрлық жасауға әрекеттену фактісі бойынша екі кәмелетке толмағанға  қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, кәмелетке толмаған 15 жасар Б. мен 14 жасар Ч. «Батырмолл» сауда-ойын сауық орталығының киім-кешек бөлімінде болып, 30 000 теңге соммасына – белдемше, күртеше, джинсы киімдерін ұрлауғаәрекеттенген, бірақ дүкеннің күзетшісімен ұсталған.

Семинар тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекттік қызметшілер этикалық кодексі»

03/03/2016

Баянауыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Шалбаева «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметшілері этикалық кодексі» тақырыбына сот мамандарымен семинарлық оқыту өткізді.
Кеңсе меңгерушісі өз сөзінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының этикалық кодексі қолданысқа енгізілген. Кодекстің негізігі бағыты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара жоғары мәдениетті қарым-қатынасты қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілерге этикаға жатпайтын теріс қылық жағдайын алдын алу.

«Сотқа сыйламаушылық көрскені үшін жауапкершілік» тақырыбына семинар кеңес

03/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үй-жайында «Сотқа сыйламаушылық көрсеткені үшін жауапкершілік» тақырыбына семинар кеңесі өткізілді.
Сот мамандары алдында баяндамамен сот приставы Ф.Айдарханов сөз сөйледі.
«Сотқа сыйламаушылық көрсеткені үшін жауапкершілік шарасы» Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 9 тарауының тәжірибелік қолдану мәселелері бойынша кеңсе меңгерушісі Г.Жанабекова сөз сөйледі.

Сотпен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан келген материальдық зиянды өндіру туралы азаматтың талап арызы қаралды

03/03/2016

Павлодар қалалық сотымен талапкер Б.-ның «Павлодар облысы қаржы басқармасы» ММ-нен, Павлодар облысы Шарбақты ауданы прокурорынан, «Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі» ММ-нен, «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қазыналық Комитеті Павлодар облысы бойынша қазыналық Департаменті» ММ-нен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан келген материальдық зиянды және моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.   

Май аудандық сотында сот актілерін орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел шарасы өткізілді

03/03/2016

Май аудандық сотымен сот актілерін орындау кезенінде кездесетін сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Май аймақтық бөлімінің аға сот орындаушысы, аудандық  ішкі істер бөлімі мен аудандық прокуратура өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова сөз алып ашты.

Ноутбукты ұрлау фактісі бойынша іс медиация тәртібінде қысқартылды

03/03/2016

Павлодар қаласының №2 сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қаланың тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 188-бабының 1-бөлімі) 
Іс материалдары бойынша, К. анасымен тұратын пәтерінен, оған тиесілі ноутбугті ұрлап әкетті.
Сот отырысы барысында, медиатормен медиация тәртібінде жанжалды реттеу бойынша қылмыс жасаған айыпталушы мен жәбірленуші арасында татуласу келісімін соттың қарауына ұсынылды.

Тыл майдангеріне алғыс ату

03/03/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 1 наурыз – Қазақстан Халқының Ассамблеясы құрылған күн Алғыс айту күні деп жарияланды.
Осы күні Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев, судья
Д. Нұржанова, соттың кеңсе меңгерушісі Т.Мағауов Ертіс ауылының тұрғыны Ұлы Отан Соғысының кезінде тыл майдангері  Анастасия Петровна Дьячуктың үйіне кіріп  шықты.

Павлодар қалалық соты пай үлесін ақшадай өтемақы төлеу түрінде өндіру туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

03/03/2016

Азамат С. өзінің кәмелетке толмаған баласы Н.-ның мүддесі бойынша бұрынғы жұбайы М. мен оның анасы Л.О.-ға Павлодар қаласындағы бір бөлмелі пәтердің - ортақ үлестік мүлкінен пай үлесін 1 808 700 теңге мөлшерінде ақшадай өтемақы төлеу түрінде сотқа жүгінді.