Архив событий

30/03/2016

Павлодар облысында бюджеттік қаражатты иеленгені үшін балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің есепшісі сотталған

30/03/2016

Павлодар облысының Железин аудандық сотымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, «Железин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ҚМҚК-ның бас есепшісі республика банктерінің «Заңды тұлғалар үшін интернет-банкинг» жүйесінде ҚМҚК-ның атынан электрондық құжаттарға қол қою мен мұқамдау үшін кілттің иегері болған.

Жанжалды бейбітшілік тәсілмен реттеу

30/03/2016

Павлодар аудандық сотымен Ж.-ның О.-ға 30 000 теңге көлемінде қарызды өтеу талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.                                                                                                   
Сот ісін талқылау барысында тараптардың арасында медиация тәртібінде дауды реттеу келісімі жүзеге асты.

Сот ата-ананы татуластырды

30/03/2016

Сотқа кәмелетке толмаған 2002 жылы туылған Әділ мен 2005 жылы туылған Жанаттың ата-анасынан тұрғылықты жерін анықтау туралы екі талап арыз түскен.
Некелерін бұзған және бөлек тұратын ата-аналардың әрқайсысы балаларымен тұруын қалады.
Төрағалық етуші судьямен медиация тәртібінде  өткізу арқылы тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасады. Келісім бойынша балалар әкелерімен бірге тұратын болды, ал аналары демалыс күндері балаларымен араласуға құқығын алды.

Павлодар қалалық сотының шешімімен жұбайын асырау үшін алимент өндірілді

30/03/2016

Павлодар қалалық сотымен К.-нің өзін асырау үшін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талапкер сот мәжілісінде жауапкермен 2013 жылы сәуірдің 29 – нан бастап заңды некелерін тіркегендерін, ортақ некеден 2014 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екенін, жауапкер материальдық көмек көрсетпейтіндігін, бала 3 жасқа толғанша өзін асырау үшін 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіруді сұрап, қазіргі уақытта бала күтіміне байланысты еңбек демалысында екенін, анасымен бірге тұратындығын айтып бекітті. 

Железин аудандық сотымен «Жана енбек кодексі бойынша негізгі жаналықтар» тақырыбына семинар өткізілді

30/03/2016

Железин аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова және сот мамандарының қатысуымен «Жана енбек кодексі бойынша негізгі жаналықтар» тақырыбына семинар өтті.
Жаңа Еңбек кодексі ел Басының ұсынуымен «100 нақты қадам» бес институциалдық реформаның іске асыру шеңберінде дайындалған.

Административный штраф за нарушение требований законодательства по реализации алкогольной продукции

30/03/2016

Иртышским районным судом рассмотрено административное дело по факту розничной реализации алкогольной продукции с объемной долей этилового спирта свыше тридцати процентов с 21 до 12 часов следующего дня.
Из материалов административного дела следует, что продавец розничного магазина К. в 11 часов утра осуществляла продажу алкогольной продукции (водки), тогда как законом запрещено осуществлять розничную реализацию алкогольной продукции, за исключением реализации в ресторанах, барах и кафе, с объемной долей этилового спирта свыше тридцати процентов с 21 до 12 часов следующего дня.

Ертіс аудандық соты құқық бұзушылық құрамының жоқ болуына байланысты әкімшілік істі қысқартты

30/03/2016

Ертіс аудандық сотымен  «ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарды ластау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi бұзатын өзге де әрекеттер» бабы бойынша П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігі).
2016 жылдың 13 наурызындағы әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамаға сәйкес, 2016 жылдың 13 наурызында сағат 10.25 П. ӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігіне көзделген құқық бұзушылық жасаған, яғыни кафенің аумағында бола тұрып, шекілдеуікті шағып, қабығын арнайы жәшікке тастамай, жерге тастағаны анықталған.

Медиация келісім бойынша қарызды төлеу

30/03/2016

Павлодар аудандық сотымен О.-ның Т.-ға  қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот отырысында екі жақ судьямен оның өндірісіндегі іс бойынша медиация өткізу туралы өтінішхаттармен сотқа жүгінді.

Сотпен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кәмелетке толмағанның әкесіне әкімшілік айыппұл салынды

30/03/2016

Ертіс аудандық сотымен ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі  бойынша – ұсақ бұзақылық жасаған (1999 жылы туған) кәмелетке толмаған Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 4 наурызында Ертіс ауылында кәмелетке толмаған Б. темекіні тартып, темекі тұқылын арнайы жәшікке тастамай, жерге тастағаны анықталды.
Кәмелетке толмаған Б. сот отырысында өз кінәсын толық мойындады.

Дау татуласу келісімін бекіту жолымен шешілді

30/03/2016

Ертіс аудандық сотымен С.-тің үш борышкерге қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот отырысы барысында жауапкерлер татуласу келісім жағдайларын бекіту жөнінде өтінішпен жүгінді, келісім шарты бойынша қарыз сомасын 2 ай аралығында бөліп төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Материалдық және моральдық зиянның өтемін өтеу туралы іс бойынша тараптар медиациялық келісімге келді

30/03/2016

Павлодар аудандық сотында О.-ның Б.-ға материалдық және моральдық зиянның өтемін өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот отырысында екі жақ судьямен оның өндірісіндегі іс бойынша медиация өткізу туралы өтінішхаттармен сотқа жүгінді.

Ювеналдық сотта асырап алу туралы істерді қарау мәселелері тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

30/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Баланы асырап алу туралы істер бойынша өзекті мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Отырысқа «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ-нің қамқоршы мен қорғаншы секторының бас маманы З.Бек., «Павлодар облысының мамандандырылған балалар үйі» ММ-нің әлеуметтік педагогы А. Тулебаева., Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  судьялары, прокурордың көмекшісі Г. Туякбаева қатысты.

Павлодар қалалық сотында «Мемлекет кірісіне қатысты талап арыздар бойынша борышкерге іздеу жариялау туралы сот ұйғарымын орындау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

30/03/2016

Павлодар қалалық сотында «Мемлекет кірісіне қатысты талап арызда бойынша борышкерге іздеу жариялау туралы сот ұйғарымын орындау тәртібі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.
Аталған шараға Павлодар қалалық сотының судьялары, «Павлодар облысы Ішкі Істер Департаменті» ММ-нің, «Қазақстан Республикасы Кіріс Министрлігі Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінің Павлодар қаласы бойынша мемлкееттік кіріс Басқармасы» ММ-нің және «Павлодар облысы әділет Басқармасы» ММ-нің өкілдері қатысты.

Ақтоғай аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшіілк іс қаралды

30/03/2016

Ақтогай аудадық соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен – ұсақ бұзақылық жасау бойынша әкімшілік іс қаралды.
Іс бойынша 2016 жылдың 23 наурызында сағат 18.40-та құқық бұзушы Г. Ақтоғай ауылында Шағынаудан көшесі бойынша қоғамдық орын жеріне шекілдеуіктің қабықтарын арнайы жәшікке тастамай, жерге тастаған, осындай қылықтарымен өзін қоршаған оратаны құрметтемей, қоғамдық орынды ластаған.

Ювеналдық сотпен үш баланың тәрбиесімен айналыспайтын әкеге қатысты әкімшілік іс қаралды

30/03/2016

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен балалардың тәрбиесі мен оқуымен айналыспай, ішімдік ішіп жүрген кәмелетке толмаған үш баланың әкесіне О. қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 127 бабы).
Істі қарастыру барысында әкелері жүйелі түрде ішімдік ішіп, балалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау, толыққанды дамуына, дұрыс өмір сүру мен оқуына жағдай жасамаған, осыған байланысты балалар мектепке дәлелсіз себептерімен бармағаны анықталды.