Архив событий

25/03/2016

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

25/03/2016

С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазым

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

25/03/2016

Железин аудандық сотымен  сотталған Ш. қатысты, Железин ауданының пробация қызметіның ұсынысы бойынша сотпен тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалы қарастырылды.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру фактісі бойынша үкім жарияланды

25/03/2016

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Т.азаматқа және А.азаматқа қатысты ҚК-нің 99 бабымен 2 бөлімімен 7 тармағымен (адам өлтіру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған) қалмыстық іс қаралды.
Іс материалдары  бойынша,  2015 жылдың 15 қыркүйек айында Қашыр ауданының Теренкөл ауылында 45 жастағы ауыл тұрғыны, оның 34 жастағы некесіз тұрған қызбен және бірге спирттік ішімдіктер ішкен өз қонағын өлтірген.

Шарбақты аудандық сотымен әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

25/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін  ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған азамат С. қатысты әкімішілік ісі қаралды.
Азамат С.  мас күйінде, өзінің жұбайына балағат сөздер айтып, үй ішінде бүлік шығара отырып, оның  тыныштығын бұзған.
Сот мәжілісінде тараптар, кәсіби емес медиатор арқылы медиация әдісімен бітімгершілікке келулеріне байланысты әкімшілік іс өндірісін қысқартуды сұрады.

«Әкімшілік істі электрондық ақпараттық сервисі арқылы жіберу туралы» тақырыбына Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілінің қатысумен семинар өткізілді

25/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» жүйесін көрсетуімен «Әкімшілік істі электрондық ақпараттық сервисі арқылы  жергілікті соттарға жіберу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Е.Қосубаев, Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері қатысты.
Семинар барысында сот кабинеті ақпараттық сервисінің жүзеге асырылуы бойынша сұрақтар талқыланды.

Сотпен көтерме жәрдемақы өндіріліп алынды

25/03/2016

Баянауыл аудандық сотымен талапкер «Баянауыл ауданының экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі жауапкер С.Н.-нан қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс материалы бойынша, жауапкер С.Н.-ға ауылды елді мекенге жұмысқа тұру үшін және қызмет ету үшін көтерме жәрдемақы ретінде 2013 жылғы 15.11. №325 аудан әкімінің қаулысы негізінде 121 170 теңге берілді.

Баянауыл аудандық сотымен қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды

25/03/2016

Баянауыл аудандық сотымен талапкер А.А. жауапкер С.С. қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс материалы бойынша 28.10.2015 жылы қолхат бойынша жауапкер С.С. талапкер А.А. ақшаны қайтарып беру шарты бойынша 200 000 теңге алған. Қолхат шарты бойынша, жауапкер 01.11.2015 жылы қайтарып беруге міндеттелді.
Сот отырысында тараптардан дауды шешу бойынша келісімді   медиация тәртібінде шешу туралы қолдаухаты түсті.
25.03.2016 жылғы тараптардың келісім мазмұны бойынша келесі келісімге келді:

Шарбақты аудандық сотымен банкоматты тонауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

25/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен пышақтың көмегімен банкоматтағы барлық ақшаны, яғни 14 015 000 тенгені ұрламақ болған 1992 жылы туылған Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыс барысында «Қазақстанның халық банкі» АҚ Павлодар филиалына 332 960 тенге көлемінде шығын келген.
Сот сотталушыны «аса үлкен мөлшерде ұрлыққа оқталу» (ҚК 24 бабының 3 бөлімі – 188 бабы 4 бөлімі 3 тармағы) мүлкін тәркілеумен шартты түрде 3 жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ювеналдық сотта тонау фактісі бойынша іс қаралды

25/03/2016

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотымен Т.,С. және кәмелетке толмаған Ж. қатысты қылмыстық іс қарастырылды. Олар жәбірленуші  С. мен Т. қатысты олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті емес, күш көрсетуін жәбірленушілерге тонау жасаған, оларға жалпы сомасы  80 000 теңге құрайтын материалдық нұқсан келтірген.
Бірнеше күннен кейін С. қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отыра, жәбірленуші Ш. қатысты дене жарақаттарын келтіре отыра, оның мүлкін тонап кеткен.

Железинка аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынас саласында аса ауыр жасалаған қылмыстарды тергеу және қарау мәселелері тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

25/03/2016

Железин аудандық сотында Железин ауданы ІІБ-нің бастамасы бойынша сот төрағасы Ғ.Ертаев, аудан прокуротурасының прокуроры С.Қалым, Железин ауданының ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Уразгуловтың және кеңсе меңгерушісі Г.Аубакированың қатысуымен «Отбасы-тұрмыстық қатынас саласында аса ауыр жасалаған қылмыстарды тергеу және қарау мәселелері»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Качир аудандық сотында мемлекеттік органдардың өкілдерімен «дөңгелек үстел» өткізілді

25/03/2016

Мемлекеттік органдардың «Качир ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің заңгері М.Жанаевтың, Качир ауданы тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының өкілі А.Липакурованың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» тақырыбы әкімшілік істерді «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдауға арналды.

Сот иттің қауіп алуы салдарынан келген зиянды және моральдық зиянды өндіру туралы тарап арызды ішінара қанағаттандырды

25/03/2016

Павлодар қалалық соты талапкер Р.-ның жауапкер С.-дан келген зиянды және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Установлено, что 19.11.2015 года, около 13 часов 00 минут, в селе Павлодарском по улице Береговая на истицу Р. сзади неожиданно напала большая черная собака породы «Алабай», принадлежащая ответчику С.

Сот қолхатпен берілген қарызды өндірді

25/03/2016

Екібастұз қалалық сотына талапкер С. жауапкер К. жазбаша қолхат негізінде берілген 162 000 теңге қарызды өндіру туралы  талап арызбен жүгінді.
Жауапкер құжатта белгіленген мерзімде қарызды қайтару туралы міндеттемені орындамады.
АІЖК 13 тарауы шеңберінде дәлелдемелер мен өзге құжаттарды, кері шақырту үшін сотпен белгіленген мерзімнің өтіп кеткеннен кейін сот тараптардың қатысуынсыз оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қарады.

Армения Республикасының азаматы әкімшілік айппұл жазасына тартылды

25/03/2016

Железин аудандық сотымен Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзып, көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан бас тартқаны үшін  Армения Республикасының азаматы Е.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот отырысында, азамат Е. белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпағанын ауруға шалдыққанын түсіндірді.
Азамат Е. сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде мемлекет пайдасына он бес айлық есептік көрсеткіш, яғни 31 815 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Құқық бұзушымен осы әкімшілік айыппұл өз еркімен төленді.

Сотпен облыстың ювеналдық полиция атына жеке қаулы шығарылды

25/03/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотымен  ӘҚБтК 131 бабы бойынша азаматша С. қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізу қысқартылды,  оған кәмелетке  жасқа толмаған жасөспірімді масаю күйіне жеткізу айыбы тағылған.
Хаттама мазмұнынан, С. кәмелетке толмаған 1999 жылы туған Б. бірге ішімдік ішкен, салдарынан  соңғы мас күйінде ұсталынған.