Архив событий

24/03/2016

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

24/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша (ұрлық жасау) 46 жасар К. қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, сотталушы сол жылдың 06 ақпанында сағат 11.45 шамасында Шарбақты ауылында Мира-Садовая көшелері қиылысында «Лада-Гранта» автокөлігінің ішінен бас киімді ұрлап кеткен. Қылмыс барысында жәбірленушіге 60 000 тенгеге материалдық шығын келген.

Баянауыл аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қаралды

24/03/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, азамат  Г.  2016 жылдың 09 наурызында алкогольды мас күйінде үйінде жанжал ашып, балағат сөздер айтқан.
Сот талқылау барысында медиация тәртібімен жанжалды шешу туралы жазбаша келісім ұсынылды, құқық бұзушы шарт бойынша бірге тұратын әйел адамға тыныштығын бұзбауға міндеттелді,өз тарапынан жәбірленуші берілген шартпен келісіп, оны кешірді.
Сот қаулысымен тараптардың келісімге келуіне байланысты іс қысқартылды.

Азаматтық іс жүргізуде прокурордың қатысуын шектеу

24/03/2016

Ертіс аудандық сотымен судья Д.Нұржанованың, сот кеңсесінің меңгерушісі Т.Мағауовтың және аудандық прокуратураның прокуроры А.Әбілдинаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілген болатын, онда прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуын шектеу талқыланды.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің басты ережесі» тақырыбында семинар өткізілді

24/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кеңсе  меңгерушісі М.Нығметжанова сот қызметкерлерімен 2016 жылдың 01 қаңтарындағы әрекетке енген, 2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбына семинар өткізді.

«Гендерлік саясат» тақырыбына семинар

24/03/2016

Баянауыл аудандық сотымен  «Гендерлік саясат» тақырыбына  судьялар  және  сот  мамандарының  қатысуымен  семинар өткізілді.
Сот төрағасы Д.Салатов өз баяндамасында, Қазақстандағы басты гендерлік саясат туралы айтып өтті. Баяндамада негізгі гендерлік саясатта ер және әйел адамдардың билік құралына тең дәрежеде жетістікке жетуі, экономикалық тәуелсіздікке тең мүмкіндікті қамтамасыз етуі, бизнестің дамуы, қызметтің алға жылжуы және құқықтық  жүзеге асыруды тең дәрежеде және жанұялық  міндеттерді қамтамасыз ету болып табылады.

«Мұрағат жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар сабағы өтті

24/03/2016

Павлодар облысының Май аудандык сотында «Мұрағат жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Іс – шараға соттың кеңсе меңгерушісінің м.а. З.Жүнісбаева және соттың мамандары қатысты.
Семинарды кеңсе меңгерушісінің м.а. З.Жүнісбаева ашып, баяндамашы мұрағатшы-жетекші маман З.Раимжановаға сөз кезегін берді.

Баянауыл аудандық сотымен сайлау заңнамасына байланысты, істерді қарау қортындысы бойынша пресс-конференция өткізілді

24/03/2016

Баянауыл аудандық сотымен сайлау заңнамасына байланысты, істерді  қарау  қортындысы  бойынша  пресс-конференция өткізілді. Хабарламада орталық сайлау комиссиясының шешіміне арыздану туралы сотқа екі өтініш келіп түскені жөнінде көрсетілген.
Өтініш беруге негіз болған орталық сайлау комиссиясының аудандық маслихат депутатына үміткерлердің өтініштерін тоқтату болып табылады.

Судьялар мен сот мамандардың қатысуымен жедел кеңес отырысы

24/03/2016

Баянауыл аудандық сотында судьялардың және сот мамандарының қатысуымен жедел кеңес отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметкерлердің смартфондарды қолдануға тыйым салуға қатысты хат талқыланды.
Сот ұжымының мәліметіне,  жұмыс уақыты кезінде сот ғимаратында мобильді, интернет-модульмен, бейнежазбамен қамтамасыз етілген құралдарды қолдануға тыйым салынғаны жеткізілді.
Талқылау қорытындысы бойынша берілген тапсырманы орындау бойынша кешеңді шараның орындалуын қолға алу туралы шешім қабылданды.

Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі бойынша Екібастұз қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/03/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамау фактісі бойынша азаматша Т. қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 1 бөлігі 127 бабы).
Іс материалдары бойынша, Т. азаматшада 1999, 2003 және 2005 жылдары туған кәмелетке толмаған балалары бар, ол олардың тәрбиелеуімен айналыспайды, балалардың мүдделерін есепке алмай, өзінің жеке өмірін құруымен айналысып жүр. Осыған байланысты, балалар жие мектептен қалып, үйдерінде қонбаған кездер болған.

Баянауыл аудандық сотында «Алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

24/03/2016

Баянауыл аудандық сотында «Алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлық ауруларынан мәжбүрлеп емдеуге қатысты сұрақтарды талқылау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Берілген іс-шара судьялардың,  «Баянауыл аудандық орталық аурухана» және аудандық емхана өкілдерінің қатысуымен өтті.

Азық-түлік қауіпсіздік мониторингі нәтижесі бойынша берілетін нұсқауларды орындамау істері бойынша сот әділдігін жүзеге асыру

24/03/2016

Железин аудандық сотында «Азық-түлік қауіпсіздік мониторингі нәтижесі бойынша берілетін нұсқауларды орындамау  істері бойынша сот әділдігін жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаев, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова, Железин ауданы  тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басышының М.Халин және жетекші маманы А.Бектурова қатысты.

Автокөліктен навигаторды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

24/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен «Pioneer»  маркалы навигаторын ұрлау фактісі бойынша Красиловка ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды(ҚК 188 бабының 2 бөлімінің).
Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 23 ақпанында сағат 22.00 шамасында сотталушы Шарбақты ауданының Красиловка ауылында «ВАЗ 2107» автокөлігінің есігінің тұтқасын сындырып, құны 20 000 тенге тұратын «Pioneer» маркалы навигаторын ұрлап кеткен.

Ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

24/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен ҚК 188-бабының 2,3 тармақтары - заңсыз кірумен, қайталанып жасалған ұрлық бойынша қой ұрлау фактісімен 1989 ж.т. Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыс келесі мән жайларда жасалған, 2015 жылдың 27 қарашасында сотталушы сағат 02.00 шамасында Щарбақты ауданының Садык-Ащы ауылында жазғы қорадан 50 000 тенге тұратын екі бас қойды ұрлап кеткен.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс бойынша сотпен сараптама коммисиясы тағайындалды

24/03/2016

Павлодар облысы Железин аудандық сотымен  (ӘҚБтК 608-бабының 1- бөлігінің) есірткілік мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 
Іс материалдары бойынша, 2015 жылы 07 желтоқсанда Железин  ауылында «ЮМЗ-6» тракторын басқарған азамат Г. тоқтатылды,  куәландыру нәтижесінде есірткілік мас күйінде екендігі анықталды.

Студенттер үшін ашық есіктер күні өткізілді

24/03/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья Ерболатов Е.Е., кеңсе меңгерушісі  Аселкан А.Н., бас маман  Малько М.В. және университет пен колледждің студенттерінің қатысуымен «Ашық есіктер күні» өткізілді.
Судья Ерболатов Е.Е. соттың оқу залында сот жұмысы мен мемлекеттік қызметтің артықшылықтарын баяндау мақсатында, «Сот және сот жүйесі» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Терроризмге қарсы объектілерді қорғау» тақырыбына «дөңгелек үстел»

24/03/2016

Успен аудандық сотымен «Терроризмге қарсы объектілерді қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Успен аудандық сотының ұжымы және Павлодар облыстық МКҚБ-ның Успен ауданы бойынша Күзет полициясының қызметкерлері қатысты.

Ақтоғай аудандық сотымен гендерлік теңдік бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

24/03/2016

Ақтоғай аудандық сотында «Наурыз мейрамы» күніне орай гендерлік теңдік бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға аудандық прокуратура, Павлодар облысының адвокаттар алқасының адвокаты, «Ақтоғай ауданының әділет басқармасы» ММ-нің өкілдері қатысты.

Ертіс аудандық сотының ғимаратына смартфондарды кіргізуге тыйым салу

24/03/2016

Президент Әкімшілігі Басшысының және  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында Ертіс аудандық сотында смартфондарды және басқа байланыс құралдарын (ұялы телефондар, планшеттер, смарт-сағаттар) кіргізуге тыйым салу туралы кеңес өткізілді. Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев судья Д. Нұржановамен және сот қызметкерлерімен, сонымен бірге, шақырылған«Күзет» қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.