Архив событий

17/03/2016

Мәжбүрлеп емделуге жіберілді

17/03/2016

Май аудандық сотында «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар  Май аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат Б-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Қылмыстық іс жүргізуде соттың бітістіру рәсімдерін (медиативтік келісімдерін) қолдану»

17/03/2016

Ертіс аудандық соты Қылмыс іс жүргізу кодексінің новеллалары – қылмыстық сот ісінде медиативтік келісім түріндегі бітістіру рәсімдерін қолданады.
ҚК 68 бабының нормасы өлімге әкелмеген жеңіл немесе ауырлығы орташа қылмыстық бұзушылықты немесе қылмысты жасаған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болса, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласқан болса немесе келтірген зиянды өтейтін болса, онда қылмыстық қудалауды тоқтатуды көздейді.

Ақтоғай аудандық сотта «Құқықтық біліктіліктерін және патриоттық сезімдерін арттыру" тақырыбына көріністік сот отырысы өткізілді

17/03/2016

Ақтоғай аудандық сотымен аудан орталық мектептерінің оқушыларының қатысуымен оқыту-көріністік сот отырысын өткізу ұйымдастырылды.
Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу - ҚК-нің 200 банының 1 бөлігі бойынша сотқа берілген  Н.Ергалиевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алиметті өндіріп алу сот бұйрығын орындамағаны үшін Железин аудандық сотының тұрғыны сотталды

17/03/2016

Железин аудандық сотымен құқықбұзушы Ш-ға қатысты сот бұйрығын орындамағаны үшін,  ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен прокурор ауданының қаулысы бойынша әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік істің құжаттарына сәйкес, азамат Ш. кәмелетке толмаған баласын асырау үшін алиментті өндіріп алу жөнінде 2008 жылдың сот бұйрығын орындамаған, берешек соммасы 796 602 теңгені құрайды.
Сот отырысында, азамат Ш. өз кінәсін толық мойындап, осы уақытқа дейін жұмыс істемегенін және қиын материалдық жағдайы болғанын түсіндірді.

Күзет қызметкерлерімен «дөңгелек үстел» өткізілді

17/03/2016

Лебяжі аудандық сотымен МКҚБ 3-ші ПБ полицейлерінің және сот мамандарының қатысуымен «Террористік акті қаупі кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті және әкімшілік ғимараттарына кіргізу және ішкі объектілік режимінің тәртібін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шарбақты аудандық сотында әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру бойынша мәселелер талқыланды

17/03/2016

Шарбақты аудандық сотында «Өнімнің қауіпсіздігі мониторингі қорытындысы бойынша нұсқамаларды орындамауға байланысты әкімшілік істер бойынша сотәділдігін жүзеге асыру» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс- шараға Шарбақты ауданының тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Т.Хациева, төраға Х.Сраилов, судья Е.Алдажарова және кеңсе меңгерушісі Ж.Бердиева қатысты.

Азаматтық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралды

17/03/2016

Екібастұз қалалық сотына талапкер азамат С. жауапкер К.-ға жазбаша қолхат негізінде берілген 162 000 тенге қарызды өндіру туралы  талап арызбен жүгінді.
Жауапкер құжатта белгіленген мерзімде қарызды қайтару туралы міндеттемені орындамады. АІЖК-нің 13 тарауы шеңберінде тараптардың қатысуынсыз, дәлелдемелер мен өзге де құжаттарды  ұсыну үшін сотпен белгіленген мерзім ішінде  істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады.

Сотпен талап арызды қабылдауға бас тартылды

17/03/2016

Железин аудандық сотымен азамат Б.-ның азамат Х.-ға  тұрғын үйдін  іргетасын нығайту жумыстарын жасауға міндеттеу туралы талап арызын қабылдауын бас тартылды.
Талап арыз бойынша Железин аудандық  сотымен 2014 жылдың 29 қыркүйек айының ұйғарымымен  азамат Б. мен азамат Х.-ның арасында бітістіру келісімі бекітілді, келісім шарты бойынша азамат Х. азамат Б.-ға  ұқсас аула бұрышына шұңқыр қазған. Сонымен қатар, Х., 2 ай ішінде, ұй қабырғасының бұрышында бұрын қазылған шұңқырды құрылыс технологиясына сай жабуын міндеттенді.