Архив событий

04/03/2016

Облыстың жаңадан тағайындалған судьялар Кеңесінің төрағасы Инновациялық Евразиялық институтының студенттеріне дәріс өткізді

04/03/2016

Павлодар қалалық сотында жаңадан тағайындалған судьялар Кеңесінің төрағасы Н.Абдикаримов және әкімшілік сотының судьясы М.Мусабаевпен «Павлодар қаласының Евразиялық инновациялық университеті» бірінші және екінші курс студенттеріне арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Судьялар студенттерді сот ғимаратындағы күту залдарымен, бейне жазба құралдарымен қамтамасыз етілген сот мәжілісі залдарымен және ондағы кеңсе жұмысының қыр-сырымен таныстырды.  

Қорғау нұсқамасын бұзу

04/03/2016

Железин аудандық сотымен жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзу фактісібойынша іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, азамат Ю., ішкі істер органымен 30 тәулік мерзіміне шығарған қорғау нұсқамасын бұза отырып, өз әйелінің атына дау көтеріп, оған былапыт сөйлеп, қадір-қасиетін кемсіткен.
Сот отырысы  барысында азамат Ю., өзің құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындады.

Азаматтықты ауыстыру

04/03/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК 496 бабының 2 бөлігі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау, азамат Ш. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, Ш. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтып, шетелдіктің азаматтығын алған туралы фактісі жөнінде және тіркелген орны Омбы облысы белгіленгенін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын уақытылы ескертпеген.

Шарбақты ауданында әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

04/03/2016

Шарбақты аудандық сотымен отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 05 ақпанында құқық бұзушы В. өзінің бұрынғы әйелінің үйінде оған жанжал шығарған.
Сот отырысында тараптармен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы жазбаша келісім ұсынылды. Келісім бойынша құқықбұзушы бірге тұрушы әйелдің тиыштығын бұзбауға міндеттенді, ал жәбірленуші татуласумен келісіп, оны кешіреді.
ӘҚБК 64-бабының негізінде тараптар медиация тәртібінде татуласуына байланысты сот ісін жүргізу қысқартылды.

Ертіс ауданының сотында «Қылмыстық процесстерінде медиация рәсімін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

04/03/2016

Павлодар облысының  Ертіс аудандық сотында   сот төрағасы А.Нұрғалиевтің,  судья Д.Нұржанованың, Ертіс ауданының ІІБ бастығының орынбасары Т.Сүлейменовтың, Ертіс ауданының прокуратура  қызметкерлері А.Анапиновтың, А.Абильдинаның және қорғаушы Т.Жангульдиновтың қатысуымен  «Қылмыстық процессте медиация институтын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Баяндамамен сөз сөйлеген сот төрағасы А.Нұрғалиев қатысушылардың назарын қылмыстық процесстерде  медиаторлардың қатысуын белсендіру қажеттілігіне аударды.

Успен аудандық сотымен көшпелі сот отырысы өткізілді

04/03/2016

2016 жылдың 01 наурызында Успен ауданының Равнополь ауыл округінің Константиновка ауылының мәдениет үйінің ғимаратында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша «Ұсақ бұзақылық» құқық бұзушылық жасаған ауылдың екі тұрғынына қатысты Успен аудандық сотының судьясы Е.Қожабергиновпен көшпелі сот отырысы өткізілді.
Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 27 ақпанында күндізгі уақытта У. мен О. қоршағандарға сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған, ӘҚБтК 434-бабының 1-бөліміне көзделген - ұсақ бұзақылық  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Облыстық соттың ғимаратында Павлодар қаласының тұрғынынан электрошокер алынған

04/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен заңсыз қару ұстау фактісі бойынша іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 2016 жылы 19 қаңтарда Павлодар облыстық сотының ғимаратында қаланың 30  жасар тұрғыны К.Туркодан электрошокер алынды, сондай-ақ ол электрошокерді ұстауға рұқсаты болмаған.
Павлодар қаласыныңт ІІБ криминалистика жедел бөлімінің маманы қорытындысына сәйкес, К.Туркодан алынған электрошокер зауыттық әдіспен жасалған, пнематикалық қару болып келеді.
Сот отырысында К.Турко жасалған құқық бұзушылық кінәсін толық мойындады. 

Мейрамханада ұсак бұзақылық

04/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2015 жылы 12 желтоқсанда сағат 21:45-те Павлодар қаласында Дерибаса көшесі 17 мекен-жайы бойынша, қоғамдық орында «Альпенхоф» мейрамханасында,   былапыт сөйлеген, айналадағыларға сыйлаушылық көрсетпеу, қоғамдық тәртіпті бұза отырып, яғни, ұсақ бұзақылық жасады  ҚР ӘҚБтК  434 б. 1 б. А.С.Каирбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Павлодар қаласының әкімшілік сотымен балықты заңсыз сату фактісі бойынша іс қаралды

04/03/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК 389-бабының 1-бөлімі  бойынша (жабайы жануарлардың түрлерін заңсыз іске асыру) қаланың екі тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 4 ақпанында азаматша Т.Суббота заңсыз Камзин көшесінде үйдің жанында ортақ салмағы 8,7 кг жаңа ауланған шортан балығы мен 7,1 кг. сазан балығын сатқан.
Сол күні азаматша Ж.Жусупова Камзин көшесінде үйдің жанында ортақ салмағы 9,9 кг. жаңа ауланған шортан – балығын заңсыз сатқан.

Нотариус әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/03/2016

Павлодар  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен нотариусқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың қаңтар айында нотариус Т.-пен азамат Ш. мен ЖШС-ның арасында 75000000 теңгеге жалпы ауданы 3 153,5 кв.м. көп қызметті кешенді – тұрғын емес үй-жайын сату сатып-алу шартын күәландырған.