Ертіс аудандық сотының ұжымы Ертіс ауданы интернат-үйінің қарттар мен мүгедектерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көктем мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Ертіс аудандық сотының ұжымы Ертіс ауданы интернат-үйінінің жалғызбасты зейнеткерлері  мен мүгедектерін құттықтады.
Наурызда қазақ халқының дастархан басындағы басты тағамы «Наурыз көже» болып табылады. Берілген тағам 7 түрлі тағамнан жасалатын көже, өмірдің жеті элементі деген мағынаны білдіреді. Судья Д.Нұржанова қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже дайындап, қарияларға тарту етті. Қарияларға жылы сөздер мен лебіздер айтылды.
Бүгінгі күні аудандық мед-әлеуметтік мекемеде 34 жалғыз басты қарттар тұрады, оның 2-і мүгедек. Олардың барлығы да қапарапайым қарым-қатынас пен қамқорлыққа мұқтаж жандар.

Қайнар: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі