Азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен С.-тың А-ға 112 мың теңге мөлшерінде  материалды шығынды өндіртіп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Іс материалы бойынша, талапкер мен жауапкер жылқыны бағу туралы ауызша түрде келісім жасаған, талапкер төлем ақысын ай сайын төлеп отырған, бірақ жауапкер міндеттерін толық орындамау барысында бір жасар құлын бұршақ көп жегендіктен өліп қалды.
Сот отырысы барысында, екі тұлға татуласып, жауапкер талапкерден кешірім сұрап, ал талапкер өз талап арызынан бас  тартты.
Іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен қысқартылды, төленген мемелекеттік баж талапкерге қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба Железинского районного судаЖелезин аудандық сотының баспасөз қызметі