Архив событий

01/04/2016

Баланың түнгі уақытта интернет-клубта болуы ойын-сауық мекеме әкімшілігі үшін қомақты айыппұлға айналды

01/04/2016

2016 жылғы 21 қаңтарда 23 сағат 15 минутта «Зодиак» интернет-клубының әкімші-операторы У. ойын-сауық мекемесінде түнгі уақытта заңды өкілдерісіз кәмелет жасқа толмаған 17 жастағы Л. болуына жол берген.  

Железин аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

01/04/2016

Железин аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, азамат П.,  өз үйінде, мас күйінде болатұра, азаматтық жұбайына балағат сөздер айтып жанжал шығарған. Осындай әрекеттерімен «Отбасылық қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттері» ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлімі қарасты құқық бұзушылық жасаған.

Ювеналдық сотта «Мемлекеттік тілде азаматтық сот іс жүргізу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

01/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарық сотында «Мемлекеттік тілде азаматтық сот іс жүргізуі» атты тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді аша отырып, сот төрағасы М.Дәйкенов қатысушыларға «Қазақстан Республикасының тілдер жөнінде» Заңын және Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14 бабын сақтауға назар аударды.

Ақсу қалалық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйенің деректемелерін толтыру бойыншаоқыту семинары өткізілді

01/04/2016

Ақсуқалалық сотында соттың мамандарымен «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы АІЖО ААЖ-не мәліметтер жіберу жолымен орындауға орындау құжаттарды, қаулыларды, сот актілерді, сот бұйрықтарды жіберу жөнінде  «Төрелік» ақпараттық жүйенің деректемелерін толтыру бойынша оқыту семинары өткізілді. 

Бақытты балалық шаққа қамқорлық

01/04/2016

Жыл сайын 1 сәуірде Халықаралық әзіл және күлкі күні тойланады. Мемлекет балалық шақты адамның маңызды кезеңі деп мойындайды және балаларды қоғамда толық өмір сүруіне дайындау бастапқы қағидалардан тұрады, қоғамға деген маңыздылығы мен шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың бойында жоғарғы имандылық сапасын, патриоттылығы мен азаматшылығын тәрбиелеу. Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, ауыр өмір жағдайына түскен балаларға ерекше қамқорлықпен қарау қажет.

Ескерту сигналсыз жол бойымен жануарларды жүргізгені үшін Екібастұз қаласының тұрғынына айыппұл салынды

01/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты материалдық шығын келтіріп, көлік құралын бұзуға әкелген,  жүргізушімен жол жүру қауіпсіздігін қамтамассыз ету ережесін бұзу бойынша іс қаралды.

Қылмыстық сот iсін жүргізу барысында айғақты дәлелдемелерді бұрмалауы туралы қылмыстық іс қаралды

01/04/2016

Павлодар қ. №2 сотына Павлодар қаласының ІІБ Оңтүстік бөлімінің аға тергеушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс кінәсін мойындау жөнінде мәміле түрінде іс жүргізу келісім жасауға байланысты келісу өндірісінде қаралды. 
Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың наурыз айының басында Павлодар қаласының ІІБ ОПБ бастығының м.а.-мен қылмыстық істерді қарау үшін тергеу тобы құрылды, сол тергеу тобының басшысы болып аға тергеуші Ж. тағайындалды.

Железин ауданының тұрғыны темекі тұқылын тастаған үшін бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

01/04/2016

Железин аудандық сотымен (ұсақ бұзақылық жасау, яғни ортақ пайдалану орындарын ластау) ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен Б.  қатысты әкімшілік істі қаралды.
Сотта Б.  қоғамдық орында бола тұра, темекінің тұқылын белгіленбеген жерге тастап, осылайша айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.
Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған  1 тәулiк мерзiміне әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.