Архив событий

28/04/2016

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

28/04/2016

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 

Ертіс аудандық сотында азаматтық істер бойынша бітімгершілік келісім жасау мәселелері талқыланды

28/04/2016

Ертіс аудандық сотында судья Д.Нұржанованың, прокуратура, аудан әкімі апаратының мемлекеттік құқықтық бөлім өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық істер бойынша бітімгершілік келісім жасау» тақырыбына семинар өткізілді.

Алкогольдік өнімдерді заңсыз сақтау

28/04/2016

Павлодар аудандық сотымен сәйкес рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 26 ақпанында Павлодар ауданының  ауылдарының бірінде жеке кәсіпкерлердің (ЖК) тақырыптық салық тексерісін өткізу кезінде алкогольдік өнімдерін тиісті лицензиясыз сақтауы анықталған.

Сот отырысында азамат Г. құқық бұзушылық жасағанын мойындап, істеген ісіне өкінді.

Қаруды заңсыз сақтау

28/04/2016

Павлодар аудандық сотымен тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат К. заңсыз түрде ішкі істер органында тіркелмеген 12 калибрлі, Иж-18М-М моделді, тегіс ұнғылы, бір ауызды аншылық қаруын сақтаған.

Сот отырысында азамат К. құқық бұзушылық жасағанын мойындап, істеген ісіне өкінді.

Жиырма бір жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сату

28/04/2016

Ақсу қалалық сотымен ӘҚБтК 200-бабының бірінші бөлігіне көзделген (алкогольдік өнімді сату бойынша заңнама талаптарын бұзу) әкімшілік бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 14 наурызында сағат 18 шамасында Ақсу қаласында дүкеннің сатушысы М. 19 жасар Р.-ға оның жасын анықтамай екі шөлмек сыра сатып өндірген.

Сот отырысында  азаматша М. өз кінәсін мойындады.

Железин аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

28/04/2016

9 мамыр Жеңіс күнің қарсаңында, Железин аудандық сотының  қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Иванович Лихановпен кездесіп, кележатқан мейрам күнімен құттықтады.

Михаил Иванович Лиханов 1923 жылдың 19 қаңтар айында Павлодар облысы Железин ауданында туған.

М.И.Лиханов – Отан соғысының екінші дәрежесі ордені, Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Еңбек наградаларымен марапатталған.

Алиментті өндіріп алу жөнінде сот бұйрығын шығарғанын білмегені туралы әкесінің дәлелдері сотта анықталмаған

28/04/2016

Павлодар қалалық сотында азамат Б.-ның 2015 жылғы 07 желтоқсандағы және 2016 жылғы 26 қаңтардағы алимент бойынша қарызды анықтау туралы қаулылардың күшін жою және  мемлекеттік сот орындаушыларының әрекеттеріне Б.-ның шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Экономикалық сотта «Мемлекеттік тіл саясаты» тақырыбына семинар өткізілді

28/04/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  мемлекеттік тіл саясатын дамыту мақсатында «Мемлекеттік тіл саясаты» тақырыбына судьяларымен семинарлық оқуы өткізілді.

Семинарды сот төрағасы М. Рысбеков ашып, құжат айналымында мемлекеттік тілді 100 пайыз қолдану қажеттілігін айтып өтті.

Баяндамашы судья У.Н.Рахымғожина қазақ тілінің құрылу тарихы мен мемлекеттік тіл саясатының тұжырымдамасы мен мақсаты туралы баяндады.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қызметкерлері арасында тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша семинар сабақ өтті

28/04/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы соттарының сот ғимараттары мен аумағында тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс – әрекеттері туралы жадынама бойынша  яғни келушілердің сотта болуының белгіленген тәртібін бұзу фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, судьялардың, сот жүйесі қызметкерлері мен сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті топтасып бұзу көріністеріне жол бермеу мақсатында семинар сабағын ұйымдастырды.

Облыстық соттың куратор-судьялары Ертіс аудандық сотына барып қайтты

28/04/2016

Павлодар облыстық соттың куратор-судьялары Г.Сағиденов пен В.Фриман азаматтық, әкімшілдік және қылмыстық заңдылықты қолдану бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатымен Ертіс аудандық сотына келді.

Кездесу барысында әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану, қылмыстық жазаны тағайндау тәжірибесі бойынша, белгілі бір санаттағы істерді қарастыру кезінде туындайтын езекті мәселелер талқыланды.

«Балық ресурстарын қорғау және балық аулау ережелерін бұзу аясында әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамаларды құрастыру» тақырыбына « дөңгелек үстел» өткізілді

28/04/2016

Железин аудандық сотында «Балық ресурстарын қорғау және балық аулау ережелерін бұзу аясында әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамаларды құрастыру» атты тақырыбына дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс – шараға Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаев,  аудан прокуроры Қ.Атыгаев, орман  және жануарлар әлемін қорғауы Ұрлұтүбе  мекемесінің басшысы Н.Абишев, аңшыл-биолог Қ.Онбаев, жергілікті полиция қызмет басшының орынбасары Р.Дюсембаев, жергілікті полиция қызметкерлері, аумақтық сот орындаушы М.У.Джураев қатысты.

Заңсыз балық аулағаны үшін Железин ауданының тұрғыны жауапкершілікке тартылды

28/04/2016

Железин аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (балық аулау қағидаларын өрескел бұзу)  аудан ауылдарының бір тұрғыны Ш.-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Іс материалы бойынша, 2016 жылдың 03 сәуіріндесағат  00 шамасында заңсыз балық аулау бойынша рейдтік іс шараларын өткізу уақытында Ертіс өзенінің жағасында азамат Ш. ұсталған, тыйым салынған мерзімде, тыйым салынған қарумен балық аулаған.

Ертіс аудандық сотымен 2016 жылғы 1 тоқсанының қорытындылары шығарылды

28/04/2016

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиевпен, Ертіс ауданының бұқаралық ақпарат қызметі, прокуратура органы, ІІБ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы 1 тоқсан бойы жасалған жұмыстарды қорытындылау бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасы А. Нұрғалиев ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша шығарылған сот үкімдері, қаулыларының, жеке қаулыларының, шешімдерінің сандары туралы жұмыс қорытындыларының сараптамалық анықтамасымен баяндама жасады.

Бас бостандығын шектеу түрінде жазаны орындау мәселелері бойынша семинар өткізілді

28/04/2016

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиевпен, судья Д. Нұржанованың, Ертіс ауданының ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Хайдаровтың, пробация қызметінің аға инспекторы Д.Шаңқылдың қатысуымен  бас бостандығын шектеу түрінде жазаны орындау тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасымен бас бостандығын шектеу түрінде жазаны орындау тәртібін және жағдайын сақтауға назар аударылды. Іс-шараның қатысушыларымен жазаның осы түрін орындаудағы туындаған мәселелері талқыланды.

Ювеналдық сотта ата-ана құқығынан айыру туралы істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

28/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-ана құқығынан айыру туралы істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға соттың судьялары, «Павлодар қаласының білім бөлімі» ММ-нің жетекші маманы А.Дюсембекова, «Павлодар ауданының білім бөлімі» ММ-нің жетекші маманы А.Шагманов қатысты.

Сотпен шетелдік адам жауапкершілікке тартылды

28/04/2016

Ақтогай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен – шетелдік адаммен көші-қон аясында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу бойынша  әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша, «Мигрант» ОПМ өткізу кезінде Өзбекістан Республикасының азаматы Т. ұсталған, ол белгіленген уақытта Қазақстан Респбликасының аумағынан кетпегені анықталған.  

Сот отырысында Т., жасалған әкімшілік құқық бұзушылық кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкініп, жақын арада еліне оралатынын айтып, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Ертіс аудандық сотында сот іс жүргізуінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану бойынша «дөңгелек үстел» өтті

28/04/2016

Ертіс аудандық сотында прокуратура, ІІБ, әкімшілік, Ертіс ауданының пробациялау қызметінің өкілдері және адвокаттардың қатысуымен «Сот отырысын дыбыс-бейне жазба жүйесін қолданумен өткізу» атты тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.