Архив событий

11/04/2016

Қазақстан Республикасында болу ережелері бұзылды

11/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Ресей Федерациясының азаматы М. қатысты әкімшілік іс қаралды.

І материалдары бойынша, Ресей Федерациясының азаматы М. Қазақстан Республикасына келіп, Екібастұз қаласының ІІБ көші-қон полиция бөлімінде 2015 жылдың 15 қыркуйегінен – 2015 жылдың 15 қарашасына дейін уақытша тіркелген, бірақ көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасы аумағынан шығудан жалтарған.

Павлодар қалалық сотымен мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдану бойынша азаматтық іс қаралды

11/04/2016

Павлодар қалалық сотымен талапкер К.-ның Павлодар облысы ішкі істер Департаменті әкімшілік полиция Басқармасының ОРЭР бастығы Т., ОРЭР инспекторы Ж.-ға қатысты лауазымды тұлғалардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.  

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Сот орындаушысыныңҚазақстанРеспубликасынаншығудыуақытшашектеутуралықаулыларысанкциялау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу туралы қаулыларын санкциялау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шараға Павлодар қаласының прокуратурасы прокурор көмекшісі Г.Тұяқбаева, Павлодар облысы Әділет Департементінің №3 аумақтық бөлімнің басшысы Е.Камарова, Павлодар облысы Әділет Департементінің №2 аумақтық бөлімнің басшысы Н.Акатов қатысты.

Облыстық соттың куратор-судьясы тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Павлодар қаласының әкімшілік сотына барып қайтты

11/04/2016

Павлодар облыстық сотының судьясы Г.Сагиденов Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьяларымен кездесу ұйымдастырып, сот әділдігін сапалы түрде жөнелту бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетті.

Судьялармен әкімшілік Кодекстің нормаларын қолдану кезіндегі кейбір мәселелер талқыланды.

Сонында бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін әзірлеу үшін куратормен ортақ ұсынымдар берілді.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында студенттермен «Ашық есік күні» өтті

11/04/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Павлодар қаласының Евразиятық Инновациялық университеті» студенттерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті.

Кездесу барысында студенттермен кеңес өткізіліп, Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.К. Мұсабаев сот қызметі және судьялардың қызметі туралы айтып өтті.

Судья С.К. Тасмағамбетова студенттерге соттың тарихы, сот жүйесінің қызметі, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу туралы айтып өтті.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

Железин аудандық сотында сенбілік өткізілді

11/04/2016

Железин аудандық сотымен ағымдағы жылдың 09 сәуірінде Железин аудандық сотының мамандарымен және «Күзет» қызметкерлерімен, аумақты тазарту және көріктендіруге жариялаған айлық шеңберінде сенбілік ұйымдастырылды.

Сот мамандары мен «Күзет» қызметкерлері сот ғимаратына жататын аумақты қоқыстан тазартты.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сенбілік өткізілді

11/04/2016

2016 жылдың 9-ші сәуір күні Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  сенбілік өтті, оған сот төрағасы, судьялар мен сот қызметкерлері белсене қатысты. Сенбілік күні сотқа сот жүйесінің ардагері Ақылжан Тұрсынбеков келіп қайтты.

Сот ұжымы сенбілікке таң ертеңнен аумақты тазарту және көріктендіру іс-шарасына шығып тазарту шарасынына өз үлесін қосты.

Сот ұжымы таңертеңнен сенбілікке шығып, соттың аумағын тазалау мен өркендетуіне кішкене болса да жәрдем көрсетті.

Железин аудандық сотында «Бір ай ішінде төленетін айыппұл» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

11/04/2016

Железин аудандық сотында сот төрағасы Ғ.М.Ертаевтың, аудан   прокуроры К.С.Атыгаевтың, Железин ауданының ІІБ басшысы Е.М.Нургалиевтың,  ауданының Әділет басқармасының басшысы В.А.Гуринаның, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы М.Джураевтың   қатысуымен, «Бір ай ішінде төленетін айыппұл»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шарбақты аудандық сотымен арнайы орналастыру орнында болғаны туралы фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды

11/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен К. атты азаматшаның өтініші бойынша арнайы орналастыру орнында болғаны туралы заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Павлодар ауданының тұрғыны билік өкіліне бағынбағаны үшін сотталды

11/04/2016

Павлодар аудандық сотымен билік өкілінің заңды талабына бағынбау фактісі бойынша  қылмыстық іс қаралды ( ҚК-нің 379 бабының 1 бөлімі).   Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 20 мамырында сағат 9.00 шамасында Павлодар ауданының учаскелік инспекторлары А. мен Н. түскен сигнал бойынша нысанды киім-кешекпен, өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленуші Т. мен С.-ның жарақаттар алу себебін анықтауына байланысты ауыл округінің демалыс үйлерінің бірінде болған.

Павлодар ауданының тұрғыны орманды заңсыз кесу фактісі бойынша сотталды

11/04/2016

Павлодар аудандық сотымен ағаштарды заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 19 ақпаныңда сағат 10.00 шамасында сотталушы У. Павлодар ауданы ормандарының бірінде, ағаштарды кесу рұқсатынсыз, «Теха» бензапила маркасын қолданып, әдейі орман қорына кіретін және кесуге тыйым салынған 2,93 куб мерт көлемінде «Ива древовидная» ағаш тұқымының 6 дінін кесіп, «Ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау бойынша Павлодар мекемесі» ММ-не 12 429 теңге материалдық зиян келтіргені анықталған.