Архив событий

12/04/2016

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

12/04/2016

Успен аудандық сотымен ұсақ ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 187 бабының 1 бөлігі).

Қылмыстық іс материалдары бойынша, азамат И. 2016 жылдың 24 наурызында су колонкасы жанынан Х.-ға тиесілі алюминді дүңгірді ұрлаған.

Сот отырысында сотталушы И. мен жәбірленуші Х. кәсіби емес медиатордың көмегіне жүгінді. Сотталушы И. мен жәбірленуші Х. медиатордың көмегімен татуласты және қылмыстық істі қысқарту мақсатында сотқа дауды реттеу жөнінде келісім ұсынды.    

Сот қаулысымен И.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шарбақты аудандық соты қылмыстық істі медиация тәртібінде қарады

12/04/2016

2016 жылдың 11 сәуірінде Шарбақты аудандық сотымен ұрық жасау фактісі бойынша 1975 жылы туған Шарбақты ауылының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабы 2 бөлігінің үшінші тармағы).

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 15 қазанында сотталушы танысынын үйіне келген, бірақ үй иесі үйінде болмаған. Оның үйінде болмауын пайдаланып, ол есіктің құлыпын сындырып, құны 6000 тенге тұратын түйе жүн көрпесін ұрлап кеткен.

Облыстың экономикалық сотында жаңа басылымдағы АІЖК бойынша іс жүргізу мерзімдері талқыланды

12/04/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жаңа басылымдағы АІЖК бойынша іс жүргізу мерзімдері» тақырыбына судьялар арасында семинар өткізілді.

Сот төрағасы М.Рысбеков семинарды ашып, судьяларға қарау мерзімдерін сақтауға және сот актілерінің заңды күшіне ену мерзімдерін қатаң қадағалауға назарларын аударды.

Азаматтық істерді қарау барысында іс жүргізу мерзімдері бойынша баяндамамен судья Г. Аубакирова сөз сөйледі.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/04/2016

Ертіс аудандық сотымен 1979 жылы туған С.-ға қатысты ҚК 188 бабының 1 бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін медиация тәртібінде қылмыстық ісқысқартылды.

Іс материалдары бойынша, С. Ертіс ауылына жақын жерден қой ұрлады. Соның нәтижесінде жәбірленуші Л.-қа 20 000 тенге көлемінде материалды шығын келтірілген.

Железин аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанында соттың жұмыс қортындысы өткізілді

12/04/2016

Железин аудандық сотында ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысын қортындылау бойынша пресс-конференция өтті.

Пресс-конференциға сот төрағасы Ғ.Ертаев, Железин ауданының ІІБ басшысы Е.Нургалиев, жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Уразгулов, Железин ауданының пробация қызметінің инспекторы А.Адришев, кеңсе меңгерушісі Г.Әубәкірова, сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Төрелік» жүйесінде электрондық атқару құжаттарын жолдау бойынша экономикалық соттың мамандарымен семинар өткізілді

12/04/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі А.Аселкан соттың мамандарымен «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбына семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісімен «Төрелік» АЖ іс жүргізу мен сот өндірісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуге назар аударылды.

Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау  тақырыбына баяндамамен бас маман-сот отырысының хатшысы А.Жанай сөз сөйледі.

Облыстық соттың куратор-судьялары тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Ақтоғай аудандық сотына барып қайтты

12/04/2016

Кураторлар – Павлодар облыстық сотының судьялары В.Фриман және Г.Сағиденовпен Ақтоғай аудандық сотының судьяларымен көшпелі семинар-кеңесін өткізді.

Семинар барысында, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Бөлек санаттағы істер бойынша құқық қолдану тәжірибесі туралы түсініктер берілді, соттың статистикалық мәліметтері зерделенді.

Кураторлар, судьялардың сот актілерін сапалы құруына, істердің жедел қаралуына және былыққа жол бермеуіне, әдеп нормаларын сақталуына назар аударды.