Архив событий

20/04/2016

ЖКО жасаған Екібастұздың тұрғыны бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

20/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен  жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, көлік құралын бүлдіру фактісі бойынша іс қаралды.

Іс бойынша 2016 жылдың 16 ақпанында Н. жеңіл дәрежелі мас күйінде болып Жасыбай - Баянауыл автожолында Ваз 2109920 маркалы автокөлігін басқарған. Басқаруға шамасы келмей, сол көлікпен аударылғаны анықталған.  

Н.-ның ЖКО-ын жасаған кінәсі медициналық куәландыру қорытындысымен, ЖКО сызбасымен және оның мойындаған түсініктерімен расталады.

Сотпен көлік құралын алкогольдік масан күйінде басқарғаны үшін түзеу жұмыстары тағайындалды

20/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен 1974 жылы туған, алдағы уақытта үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

2016 жылың 23 наурызында Шарбақты ауылында мас күйінде «ВАЗ 2104» автокөлігін басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сотталушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінді.

Железин ауданының тұрғыны үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

20/04/2016

Павлодар облысы Железин аудандық сотымен көлік құралын алкольдік мас күйінде жүргізу фактісі  бойынша аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.  

2016 жылы 23 наурызында сағат 00:30 шамасында М. Веселая Роща ауылында «Toyota Carina» маркалы көлік құралын алкольдік мас күйінде басқарған.

Аудан оралығында жалған нөмірлермен көлік құралын басқарғаны үшін Павлодар тұрғыны жауапкершілікке тартылды

20/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен Павлодар қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2016 жылдың 14 сәуірінде Шарбақты ауылында көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсімен көлікті басқарып жүрген.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот К. ӘҚБК 590-бабының  төртінші бөлігімен (көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару) кінәлі деп танылып, 1 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шарт бойынша қарызды өндіріп алу жөнінде талап арыз бойынша тараптар медиациялық келісім бекітті

20/04/2016

Павлодар қалалық сотының судьясымен татуластыру рәсімін өткізу кезінде дауды реттеу жөнінде тараптар арасында медиацияға жету келісімі сотпен бекітілді.

Талапкер  жауапкерден қызмет көрсету туралы шарт бойынша қарызды өндіріп алу талап арызымен сотқа жүгінген, себебі сату-сатып алу үшін пәтерлерді іздестіру бойынша қызмет көрсеткен түсіндірген. Бірақ жауапкер өз еркімен шарт бойынша сомманы төлемеген.

Павлодар қалалық соты көтерме жәрдемақыны өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

20/04/2016

Павлодар қалалық сотымен «Павлодар облысы Май ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ-нің жауапкер О.-дан қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.    

Азаматтық іс жүргізуде медиация

20/04/2016

Ертіс аудандық сотымен бала үш жасқа толғанша жұбайын асырау үшін алиментті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша  азаматтық іс қаралды.

Жұбайын асырау үшін алиментті өндіріп алу туралы алдын ала сот отырысы барысында медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде тараптармен келісім орнатылды. Судьяның дауды бейбіт түрде шешу мақсатында медиация рәсімін жүргізуінің нәтижесі барысында тараптар жұбайын асырау туралы талапкермен талап арыз талаптарын азайту жөнінде қорытындыға келді.