Архив событий

04/04/2016

Екібастұз қалалық сотында «Сот орындаушылардың қаулыларын электронды санкциялау» тақырыбына «дөнгелек үстел» өтті

04/04/2016

Екібастұз қалалық сотында мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Сот орындаушылардың қаулыларын электрондық санкциялау туралы» тақырыбында дөнгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөнгелек үстел барысында электрондық санкциялау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Судьялар құжаттарда санкциялау үшін материалдарды қабылдау және қарау кезінде жауапкердің толық деректері болмайтыны жөнінде ескертулерін айтты. Қағаз жүзінде жолданған материалдар ғана электронды нұсқада қайта түседі.

Ювеналдық сот әкені ата-ана құқығынан шектеу жөнінде талап арызға бас тартты

04/04/2016

Ювеналдық соттың іс жүргізуіне кәмелет жасқа толмаған қызына қатысты әкесі П. ата-ана құқығынан шектеу туралы талап арыз түсті.
Анасының талап арызы бойынша жауапкерде алименттік төлемдер бойынша 180 мың теңге сомасында қарызы бар, сондай-ақ әкесімен араласқаннан кейін қызда күйзеліс жағдайы пайда болады, бұл оның психикасына теріс әсер етуі негіз болған.
Сот отырысы барысында, сот психиатриялық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша әкесі баланың психикасына ешқандай теріс ықпал етпейтіні анықталды.