Архив событий

29/04/2016

Деңсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін сотпен қоғамдық жұмыстарға тартылу жазасы тағайындалды

29/04/2016

Баянауыл аудандық сотымен ҚК-нің 108-бабына көзделген (деңсаулыққа қасақана жеңіл жаза келтіру) теріс қылық жасағаны үшін  А-ны айыптау бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен, А. алкогольдік масан күйінде жәбірленуші Б-ның үйінде бола тұра еш себепсіз дене жарақаттарын келтіру мақсатында бетіне және денесіне соққы жасағаны анықталған.

Качир ауданының тұрғынына сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл тағылды

29/04/2016

2016 жылғы 27 сәуірдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, М. Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық сотымен жазылған 2014 жылғы 14 сәуірдегі «Павлодар облысы бойынша қозғалмайтын мүлік орталығы» МҚК-ның пайдасына ақшалай қаржыны өндіріп алу туралы атқару парағын орындаудан бас тартқан.

Сот отырысында азамат М. өзінің құқық бұзушылық істеген кінәсін толық мойындады.

Ірі қара малды ұрлаған Баянауыл тұрғыны жәбірленушімен татуласты

29/04/2016

Баянауыл аудандық сотымен ұрлық жасағаны үшін айыпталған А-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша, Баянауыл ауданының тұрғыны жазық далада өзінің малдарының арасынан екі ірі  қара малын байқаған, тергеу барысында жәбірленуші Н.-ға тиесілі екені анықталған.

А. өзінің істеп жатқан қылмыстық іс- әрекетін бөгде адамдар бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, қасақана екі бас қара малды ұрлап, өзінің қорасына айдап әкеліп, мақсатында пайдаланған.

Моральдік зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша семинар өткізілді

29/04/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржановамен «Моральдік зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда  ауданның прокуратура өкілдері, адвокаттар қатысты.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін Баянауыл ауданының тұрғыны сотталды

29/04/2016

Баянауыл аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабының екінші бөлігіне көзделген (есірткі затын заңсыз сақтау) бойынша И-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша, Баянауыл ауданы «Жасыбай» демалыс аумағында И. полиция қызметкерлерімен ұсталып, «Жасыбай» демалыс аумағындағы ауылдық бекініс пукт бөлімшесіне жеткізілген. Жеке тексеріс барысында азамат И-дың шалбарының қалтасынан көгілдір түсті қағазға оралған ерекше иісті айғақ зат алынған (кептірілген марихуана).