Архив событий

14/04/2016

Успен аудандық сотында қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істерді қарау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

14/04/2016

Успен аудандық  сотында «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Успен аудандық сот төрағасының міңдетін атқарушы А.Курмантаев, Успен ауданының прокуроры Е.Ермеков, Успен ауданының ІІБ қызметкері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын Успен аудандық сотының төрағасының міңдет атқарушысы А.А.Курмантаев 2016 жылдың 03 айында сот жұмысының қорытындысы жөніндегі баяндамамен ашты.

Лебяжі аудандық сотымен қызмет ақпаратымен жұмыс істеу ережесін зерделеу бойынша семинар өткізілді

14/04/2016

2016 жылдың 14 сәуірінде Лебяжі аудандық сотында сот төрағасы, судьялар мен мамандарының қатысумен қызмет ақпаратымен жұмыс істеу

Ережесін зерделеу  бойынша семинар өткізілді.

«Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау» атты тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді

14/04/2016

Успен аудандық сотында «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау» атты тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Успен аудандық сотының төрағасының міңдет атқарушысы А.А:Курмантаев, Успен ауданының Прокуроры Е.С.Ермеков және адвокат қатысты.

Успен аудандық сотының төрағасының м.а. А.А.Курмантаев қысқаша баяндама оқыды.

Ертіс аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылықтарға байланысты, әкімшілік істерді қарау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

14/04/2016

Павлодар облысының Ертіс аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылықтарға байланысты, әкімшілік істерді қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға сот төрғасы А.Нұрғалиевтің, Ертіс аудандық прокуратурасының прокуроры Ә.Абильдинаның, Ертіс ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметінің өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот залынан

14/04/2016

Качир аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 73 бабы 1 бөлімі ( отбасы-тұрмыс аясындағы құқық бұзушылық іс-әрекеттер) бойынша азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

2016 жылғы 20 наурызда Песчаное ауылында  азамат Р. өз үйінде жұбайы С-ның атына балағат сөздер айтқан, осы қылығымен ол оның қадір-қасиеті мен абыройына нұқсан келтірген, сондай-ақ үйде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

14/04/2016

Ертіс аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды. Іс материалдары бойынша, азамат В. әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған өз үйінде жұбайы О-ға жанжал шығарып, жұбайына балағат сөздер айтып, тіл тигізген. Осындай әрекеттерімен «Отбасылық қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттері» ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлімі қарасты құқық бұзушылық жасаған.

Қачир аудандық сотында ауданның ІІБ-нің участкелік инспекторларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

14/04/2016

Качир аудандық сотында судьялар М.Арапов, Д.Көдектің, Качир ауданы ІІБ-нің участкелік инспекторларының қатысуымен  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастыру және істерді «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Павлодар қаласының әкімшілік сотында «Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

14/04/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Н.Есенжолов соттың судьялары мен мамандарымен«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі» тақырыбына семинар өткізді.

Ақсу қалалық сотымен « Іс жүргізудегі келісім, оны жасаудың ерекше тәртібі» тақырыбына куратор-судьялардың қатысуымен семинар өткізілді

14/04/2016

Ақсу қалалық сотында қылмыстық істерді қарайтын судьялар  арасында « Іс жүргізудегі келісім, оны  жасаудың ерекше тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар жұмысына облыстық соттың куратор-судьясы Б.Ж. Тиштыбаев қатысты.

Семинарды соттың төрайымы Қ.Темірова ашып, судьялардың мәліметіне 2015 жылдың 01 қаңтарында енгізілген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне « Іс жүргізудегі келісім, оны  жасаудың ерекше тәртібі» жаңа тарау енгізілгенін жеткізді.  

Есірткі контрабандасы үшін Железинка ауданының тұрғыны сотталды

14/04/2016

Железин аудандық сотымен есірткі затының контрабандасы фактісі бойынша К. қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 06 ақпанында 2016 жылдың 06 ақпан айында  Павлодар қаласынан Ресей Федерациясының Омбы қаласына бағытталған азамат  К.  «Форд» такси көлігімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы өту кезінде шекаралық қызметкерлермен тексерілді. Тексеру нәтижесінде  азамат  К-ның сыртқы киім қалтасынан 2,7894 гр. гашиш есірткі заты табылған.