Архив событий

22/04/2016

2015 жылдың және 2016 жылдың бірінші тоқсанында Павлодарда 2000 жүргізуші көлік құралын басқару құқығыннан айрылған

22/04/2016

2015 жылдың және 2016 жылдың бірінші тоқсанында Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1819 жүргізушіге қатысты арнайы көлік құралын басқарудан айрылған.

2015 жылы жүргізушілер арасындағы көлікпен кең таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі «жүргізушімен көлік құралын алкогольдік және есірткі масан күйінде басқару» ӘҚБтК бабы – 3-тен 6 жыл мерзіміне берілген бап бойынша 1517 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айрылған.

Сонымен қатар, әр түрлі мерзімге жүргізуші куәлігінен айрылған:

Сот шешімімен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қызметкері лауазымын қалпына келтірді

22/04/2016

Павлодар қалалық сотымен талапкер И.-дың жауапкер «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қатысты жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта ораналастыру, еңбек ақыны өндіру және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Сотпен микронесие соммасын өндіріп алу бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді

22/04/2016

Павлодар қалалық сотының ұйғарымымен «Авансинг» ЖШС-і және азамат М.-ның арасында қарыз соммасын өндіру туралы азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді.

Сотпен істі қарау барысында 2015 жылдың қыркүйек айында талапкер мен жауапкер арасында 5 күн мерзімге микронесие ұсыну туралы келісім шарт жасалған. Алайда осы уақытқа дейін борышкермен аталған несие қайтарылмаған. 

Жауапкер әке болуды анықтау және алиментті өндіріп алу туралы талап арызды мойындады

22/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен талапкер К. жауапкер Ш. әке болуды анықтау және алиментті өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды.

 Алдын ала сот отырысында жауапкер Ш. талап арызды сотқа жазбаша арыз беру арқылы талапкер К.-ның талап арызын толық көлемде мойындап, молекулярлық-генетикалық сот-сараптамалық зерттеуден өтуге талап етпеген.

Жауапкермен талап арызды мойындау сотпен қабылданып, шешіммен арыз қанағаттандырылды.

Ювеналдық сотта «Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік істерді қарау» тақырыбына семинар

22/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік істерді қару» тақырыбына семинар өткізілді.

Атқару құжаты бойынша өндірушіні ауыстыру мәселелері туралы семинар өткізілді

22/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Атқару құжаты бойынша өндірушіні ауыстыру тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар жұмысында соттың судьяларымен «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-нің директоры Д.Темирханова, «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-нің қоғамдық - педагог Т.Нугманова қатысты.

Екібастұз қаласының әкімшілік сотында ашық есік күні өткізілді

22/04/2016

Ашық есік күнін өткізу шеңберінде Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында келушілерге «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі және электрондық үкімет порталы бойынша түсінік берілді. 

Павлодар облысының Ювеналдық сотында кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарға жіберу тәртібі талқыланды

22/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарға жолдау тәртібі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Ертіс аудандық сотында электрондық тәсілмен атқару құжаттарын жолдау мәселелері бойынша семинар өткізілді

22/04/2016

Ертіс аудандық сотта «Төрелік» жүйесі арқылы орындау құжаттарын орындауға жолдау және сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау бойынша жаңа жүйесін енгізу мәселелері бойынша  семинар өтті.

Семинарды өткізуге судья Д.Нұржанова, кеңсе меңгерушісі Т.Мағауов, аудандық сот кеңсесінің қызметкерлері қатысты

Медициналық мекеменің қызметкері ұрлық жасағаны үшін сотталған

22/04/2016

Павлодар аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың қараша айында «Облыстық психоневрологиялық медециналық-әлеуметтік мекемесінің» КММ-нің медбикесі К. шешіну бөлмесіндегі шкафтан «Samsung Galaxy Trend» моделіндегі ұялы телефонын ұрлап алған. Сотталушы К. өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленуші О.-ға 25 000 теңге сомасына мүліктік зиян келтірді.