Архив событий

24/04/2016

Сот залынан

24/04/2016

Качир аудандық сотында ӘҚБтК 73-бабы 1 -бөлігінің (отбасы-тұрмыс аясындағы құқық бұзушылық іс-әрекеттер) бойынша азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібінде қысқартылды.

2016 жылғы 13 наурызында  сағат 2 шамасында Тереңкөл ауылында  азамат Н. өз үйінде анасы Н-ның атына балағат сөздер айтқан, осы қылығымен ол оның қадір-қасиеті мен абыройына нұқсан келтірген, ескертулерге құлақ аспағаны анықталған.

Мәмілені жалған деп тану туралы азаматтық іс бойынша сотпен медиациялық келісім бекітілді

24/04/2016

Павлодар қалалық сотында азаматтық іс бойынша тараптар С.-ның Б., Н.-ға, ерікті түрде талаптанбаған үшінші тұлға қаланың Әділет Басқармасына келісімді заңсыз деп тану, жеке меншік құқығын тану және мүліктегі пай үлесінен құнын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша судьямен медиация тәртібінде дау реттелді.

Павлодар облыстық сотында азаматтық және қылмыстық құқық және іс жүргізу секцияларында бір қатар семинар сабақтар өткізілді

24/04/2016

Азаматтық істерді қарайтын судьяларға арналған семинар сабақтарында Павлодар облыстық сотының судьялары Г. Жаппарова және А. Шевченко азаматтық істерді қарау сапасы, ортақ мүліктен үлес бөлу туралы сот тәжіриебесі, маскүнемдіктен және нашақорлық, туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберу мәселелерін талқылап, баяндады. Олар істің мән- жайын толық зерттеу қажеттілігі жайлы атап өтіп, істерді қарау кезінде бірқатар ұсыныстар берді.