Архив событий

03/04/2016

Железин аудандық сотымен Х-нің мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Іс материалдыры бойынша, арызданушы Х.-нің жұбайы 2015 жылы қайтыс болғаннан кейін, Мұраны қабылдау фактісін анықтау

03/04/2016

Железин аудандық  сотымен Х-нің мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдыры бойынша, арызданушы  Х.-нің  жұбайы 2015 жылы қайтыс болғаннан кейін, Железин  ауылында орналасқан жер учаскесімен бірге тұрғын үй түрінде мұра ашылды. 2006 жылы пәтер дүкенге жабдықтанған. Балалар  қалған мұрадан толық бастартқан, басқа мұрагерлер жоқ. Арызданушы Х. заң бойынша мұраны алу құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа келген. Бірақ нотариус белгіленген мерзімде арыз түспегеніне байланысты, аталған құжатты беруден бас тартқан.

Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс келісім іс жүргізуінде қаралды

03/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен келісім іс жүргізуде Б. қатысты келісім іс жүргізуінде қылмыстық іс қаралды, алдын ала сөз байласу арқылы кәмелетке толмаған  Б., К., А., тұлғалар тобымен жәбірленуші И. өмірі мен денсаулығына қауіпті емес  күш қолдануымен  ұялы телефонын ашық ұрлаған.
ҚК 68 бабының 2 бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмаған Б., К., А. қатысты қылмыстық іс татуласуына байланысты іс жүргізу қысқартылды.

Шетел азаматтарының Қазақстанда тіркеусіз болуы

03/04/2016

Железин аудандық сотымен Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келу ережесін бұзу туралы Ресей Федерацияның азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды ( ӘКБтК 517 бабының 2 бөлігі).
Іс материалдары бойынша, азамат О., көші-қон карточкасындағы тіркеу мерзімін өтіп кеткеннен кейін берілетін үш тәуліктік шығу мерзімінен жалтарып жүрді.
Сот отырысында азамат О. кінәсін толық мойындап, 30 күннен кейін көші-қон полиция бөлімінде тіркелуін білмегенін көрсетіп, жасаған әрекетіне өкінді.

Сотпен балаға темекі сатқан үшін айыппұл тағайындалды

03/04/2016

Іс материалдары бойынша Ақтоғай ауылында орналасқан бөлшек сауда дүкенінің сатушысы Г.  кәмелетке толмаған 16 жастағы М. бір қорап темекі сатқан.

Г. әрекеттері ӘҚБтК 133-бабының 1-бөлігі бойынша он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сатуы бойынша сараланған, себебі онымен «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы» Заңының 37 бабының 2 бөлігі бұзылған, балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

Сотта мұрагерлікке құқық беретін куәлікті заңсыз деп тану жөнінде іс қаралды

03/04/2016

Павлодар қалалық сотында азамат Ж.-ның жауапкер Б. және В.-ға қатысты  мұрагерлікке құқық беретін куәлікті заңсыз деп тану, мүлікті ортақ мүлік деп тануды және үлесін бөліп беру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Бітімгерлік келісім бекітілді

03/04/2016

Павлодар қалалық сотында азаматша Е.-нің жауапкер Г.-дан несие беру келісімі бойынша қарызды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 
Бітімгерлік келісімінің шарты бойынша жауапкер Г. азаматтық істі қарамас бұрын оған дейін азаматша Е.-ге барлық қарыз соммасын төлеп береді, ал азаматша Е. өз кезегінде бітімгерлік шарттарына келісіп, өкілдің қызметіне  кеткен шығынды өндіруді талап етпейді. Сот ұйғарымы негізінде баж алымы 250 000 теңге талапкерге қайтарылды.    

Есірткі заттарды заңсыз қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

03/04/2016

Іс материалды бойынша, 2016 жылғы 3 наурызында көшеде жаяужол  жанында қар үстінде ішінде сұр-көкшіл, шөптен жасалған ерекше иісі бар затымен полиэтилен бумасын тауып алды. Бұл есірткі заты екеніне көзі жеткен соң, сату мақсатынсыз- тікелей өзі қолдану пиғылымен, есірткіні заңсыз сақтау ойымен әрекет етіп, өзінің  қара түсті сөмкесіне салып алды. Ол тауып алған есірткіні тұрғылықты жері бойынша әкелмек болды. Бірақ сол күні кешкі уақытта М. Павлодар облысының  ІІД қызметкерлерімен «Екібастұз қаласының Шідерті кенті Рубеж-Кереку» БП бекетінде ұсталды. 

Сот қаулысымен айыппұл жазасын бас бостандығынан айыру жазасына өзгерті

03/04/2016

Баянауыл аудандық сотымен сот орындаушысының  айыппұл жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру ұсынымы қаралды.
2015 жылдың 15 ақпандағы Баянауыл ауданының сот үкімімен Б.Рахметов (пара алу) ҚК 366-бабының 2-бөлігіне көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп танылды. Оған ҚР ҚК 55 бабын қолданумен өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырумен  мүлкін тәркілеу, отыз мәртедегі пара мөлшеріндегі 15 млн. теңге айыппұл тағайындалғанын еске саламыз.

ҚК-нің 132 бабы бойынша (кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту) қылмыстарды саралау мәселелері бойынша семинар

03/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың ісі бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотындакәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылыққа тарту - ҚР ҚК-ң 132 бабы бойынша қылмыстарды саралаған елеулі мәселелер бойынша семинар өткізілді.

Сотпен балаға темекі сатқан үшін айыппұл тағайындалды

03/04/2016

Іс материалдары бойынша Ақтоғай ауылында орналасқан бөлшек сауда дүкенінің сатушысы Г.  кәмелетке толмаған 16 жастағы М. бір қорап темекі сатқан.

Г. әрекеттері ӘҚБтК 133-бабының 1-бөлігі бойынша он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сатуы бойынша сараланған, себебі онымен «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы» Заңының 37 бабының 2 бөлігі бұзылған, балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

Баянауыл аудандық сотына Павлодар облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізілді

03/04/2016

Баянауыл аудандық сотымен «Павлодар облысының МКҚБ ММ-мен» бірлесіп «Террористік акт немесе басқа құқыққа қарсы қауіп-қатер туындағанда ұжымның іс әрекеті» тақырыбына семинар өткізілді.

Баяндамамен Павлодар облысының МКҚБ-нің басшысының орынбасары Ф.В.Зайцев, қолдан  жасалған атылу құралдарының көріністерін, сонымен қатар, террористік акт немесе басқа құқыққа қарсы қауіп-қатер туындағанда ұжымның іс әрекеті туралысөз сөйледі.

Іс-шара қорытындысы бойынша мәселелер талқыланып, алынған мәліметтер назарға алынды.

 

Тәжірбиелік көмек көрсету

03/04/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Тәжірбиелік көмек көрсету мен соттың шешімдерін күшін жою себебі мен негіздері» тақырыбында сот судьяларымен және Павлодар облыстық сотының тәлімгерлері А.Шевченкомен, Е.Байгурмановпен семинарлық оқу өткізілді.
Семинарды сот төрағасы М. Рысбеков ашты және судьяларға сот әділдігін сапалы жүзеге асырылуы қажет екенін белгілеп өтті.

Павлодар облысының экономикалық сот ұжымына жаңа судья таныстырылды

03/04/2016

Павлодар облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Алмас Күзеков Павлодар облысының экономикалық сотының ұжымына судья  Ерсын Маулыханович Кожабергеновты  таныстырды.
2016 жылдың 25 ақпанында «Қазақстан Республикасының сотындағы төрағалардың, судьялардың, сот алқасы төрағасының қызметіне тағайындау мен босату туралы» № 203 Жарлығына мемлекет Басшысымен қол қойылды. Осыған байланысты, Павлодар облысының сот корпусында кадрлық өзгерістер орын алды.