Архив событий

26/04/2016

Павлодар облыстық сотында іс жүргізуде жаңа технологиялады қолдану мәселелері бойынша облыс соттарының кеңсе меңгерушілері үшін семинар өткізілді

26/04/2016

Павлодар облыстық сотында облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының кеңсе меңгерушілері мен мамандары үшін семинар оқулары өтті.  

Семинарды Павлодар облысының Соттар әкімшісінің орынбасары  Г.Темірова  ашты. Ол семинарға қатысушыларды іс пен іс жүргізуде жаңа технологияларды қолдану мен енгізуге ерекше назар аударды.

Ювеналдық соттың судьяларымен атқару құжатының телнұсқасын беру тәртібі талқыланды

26/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  «Атқару құжатының телнұсқасын беру тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар жұмысында соттың судьялары, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан №2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ-нің қоғамдық - педагогы И.Полушина қатысты.

Алкоголь өнімдерін заңсыз түрде сақтаған үшін Май ауданы дүкенінің иесіне айыппұл салынды

26/04/2016

Павлодар облысы Май аудандық сотымен арнайы рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жеке кәсіпкер және бөлшек сауда дүкенінің иесі алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясы болмай, дүкенде 25 шөлмек алкоголь өнімдерін сақтаған.

Сот отырысына А. құқық бұзушылық кінәсін толық мойындап, алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясының болмағанын түсіндірді.

Мүлікті бөлу азаматтық іс бойынша сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді

26/04/2016

Павлодар қалалық сотында мүлікті бөлу туралы талап арыздары бойынша азаматтық іс қаралды.  

Сот отырысына дайындалу барысында судьяның қатысуымен тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы өзара келісімге келді. Келісімнің шарты бойынша жауапкер 2016 жылдың 18 тамызына дейін талапкерге бірге жинаған мүліктің құны 2 650 000 теңге өтем ақыны төлеуге міндеттенді, талапкер өз кезегінде аталған қаржыны алғаннан кейін пәтерге деген меншік құқықтарынан айырылып, талап арызынан бас тартады.        

Баянауыл аудандық сотының үкімдерді орындау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

26/04/2016

Баянауыл аудандық сотында « Бас бостандығынан айыруға байланысты емес үкімдерді орындау» тақырыбында пробация қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Өзінің баяндамасында пробация қызметінің аға инспекторы Е.Шайхин қазіргі уақытта 29 сотталушы есепте тұрғанын хабарлады, соның ішінде жазаларын қоғамдық жұмысқа тартылған (1 адам), бостандықтарынан шектелген (17 адам), шартты түрде сотталғандар (5 адам).

Жастар үйінің тәрбиешісі терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін сотталды

26/04/2016

Екібастұз қалалық сотымен терроризм актісі туралы қасақана жалған хабарлама берген – ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Екібастұз қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.   

Іс материалдарын сәйкес, 2015 жылдың Жастар үйінің тәрбиешісі  өз бөлмесінде екі құрбысымен болған . Оларды өз ниеті туралы хабардар етпей, біреуінен планшетін сұрап алып,  танымас үшін дауысын өзгертіп, Жастар үйінің  вахтасына телефон шалып Жастар үйінің аумағында бомба салынғанын хабарлаған және  «ол менің қызым үшін» деп айтқан.

Шарбақты аудандық сотының тұрғыны жол полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін сотталды

26/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық көрсеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 19 сәуірінде Шарбақты ауылында жол полиция қызметкерлерімен жылдамдықты асырғаны үшін  Б. басқаруында «Wolkswagen golf» маркалы автокөлік анықталған.

Алиментті төлемеген үшін Лебяжі ауданының тұрғыны бес тәулікке қамаққа алынды

26/04/2016

Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотында атқару құжатын орындамау фактісі бойынша аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс бойынша көрсеткіш іс жүргізу өтті.

Сот отырысына, әділет басқармасының бастығы Б.Хамзина, мемлекеттік сот орындаушы Б.Шадиханов, жеке сот орындаушы Р.Сабитов, білім бөлімінің қорғаушылық және қамқоршылық маманы Д.Кобайдарова, «Аққу үні» газетінің редакторы қатысты. Сонымен қатар, сот отырысында алимент бойынша қарызы бар адамдар шақырылды.