Архив событий

05/04/2016

Сотпен сотталушыны шартты мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхат қанағаттандырылды

05/04/2016

Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотымен 2015 жылдың қазан айында Лебяжі аудандық сотымен сотталған Ж.–ты шартты мерзімінен бұрын босату туралы  өтінішхатты қаралды.

Істі талқылау барысында, сотталған тұрғылықты жері бойынша жақсы жағынан сипатталып, жазаға тартылмағаны анықталған. Сотталған оған белгіленген жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтеді, ол жасаған қылмыс санатына сәйкес келеді және ҚК 72-бабының 3-бөлігі бойынша шартты мерзімінен бұрын босатуды қолдану үшін қажет шарты болып табылады. Лебяжі аудандық сотының үкімі бойынша, атқару парақтары бойынша өндірулері жоқ.

Сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған бала оқуын мамандандырылған білім беру мекемесінде жалғастырды

05/04/2016

1999 жылы туылған кәмелетке толмаған Ольков Роман ауылдық мектепте 10 сыныпта оқуын жалғастыруын қаламады, үйден кетіп қаңғырып жүрген.

Павлодар ауданы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша Комиссияның қаулысы бойынша «Павлодар ауданының білім беру бөлімі» ММ сотқа Р. Ольковты КММ «Облыстық арнайы девианттық тәртібімен балалар үшін мектеп-интернатқа» 2015-2016 жылдары  оқу кезеңінің  аяқталуына дейін оқуын жалғастыру үшін жолдау туралы өтінішпен жүгінген. Арнайы мектеп Шығыс-Қазақстан облысы Серебрянск қаласында орналасқан.

Даудың бітімгершілік жолмен шешілуі

05/04/2016

Кәмелет жасқа толмаған 2007 жылы туылған Гүлдана мен 2010 жылы туылған Айнұрдың ата-анасы некені бұзғаннан кейін балалардың анасымен тұруына келісті. 

Әкесінің балалардың тұрғылықты жерін онымен анықтау жөнінде талап арыз беру себебі ол анасының балаларды әжесінің тәрбиесіне беру фактісі болды.

Бала мүддесіне арналған медиация

05/04/2016

2002 жылы туған, кәмелетке толмаған Виталий Сухневтың анасы баланың әкесі жауапкерге баланың тұрғылықты жерін оның анасының  мекен-жайы бойынша анықтау жөнінде талап арызбен сотқа жүгінді.

 Бала әрдайым әкесімен бірге тұрған, мезгілімен анасының мекен-жайында қонып қалатыны анықталған. Баланың  әкесі оның анасынан баланы асырау үшін  алимент төлеуді талап етіп,  сотқа талап арыз  түсірген.

Ата-аналар арсындағы дау бітімгершілікпен шешілді

05/04/2016

Кәмелетке толмаған, 2011 жылы туған Дортнева Эмилияның ата-анасы некелерін бұзғаннан кейін бала анасымен бірге оның мекен-жайы бойынша тұратыны жөнінде келісімге келді. Баланың әкесі Б.Г.Дортневтің ата-аналық міндеттерін орындау кезінде баланың анасы М.Т. Дортнева әкесінің қызымен қарым-қатынаста болуына қарсылық білдіріп отырды.

Жеке тұрып жатқан ата-ананың құқығы бұзылуына байланысты «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ-не, содан кейін сотқа өтініш беруіне негіз болды.

Павлодар қаласының ювеналдық сотында Павлодар облысының медиаторлары және адвокаттарымен дөңгелек үстел өткізілді

05/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысының медиаторлары және  адвокаттарымен азаматтық істерді қарау кезінде медиативтік және партиспативтік келісімдер жасаудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараларға соттың судьялары, Павлодар облысының кәсіби медиаторы С.Белогур, №1 Заңгерлік кеңестің адвокаты А.Байсұлтанова, №2 Заңгерлік кеңестің адвокаты Ж.Қуватова қатысты.

Баянауыл аудандық сотында куратор-судьялармен семинарлық-отырысы өткізілді

05/04/2016

Павлодар облыстық сотының куратор-судьялары Б.Тиштыбаев және Г.Сагиденовпен Баянауыл аудандық сотының судьяларымен семинар-отырысы өткізілді.

Семинар-отырыс барысында қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелер талқылынды. Жұмыс барысында бөлек санаттағы істер бойынша құқық қолдану тәжірибесіне түсінік беріліп, статистикалық мәліметтер зерделенді.

Павлодар қаласының ювеналдық соттың судьялары ата-ана құқықтарын қалпына келтіру мәселелері бойынша көшпелі «дөңгелек үстел» өткізді

05/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Ата-ана құқықтарын қалпына келтіруде құқықтық мәселелері» тақырыбына көшпелі дөңгелек үстел өткізді.

Павлодар қаласының Осипенко, 13 мекен-жайы бойынша орналасқан «Павлодар қаласының отбасы түріндегі балалар ауылы» ММ өткізілген іс-шараға аталмыш мекеменің педагогикалық ұжымы, сот судьялары, «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, ата-ана құқықтарынан айрылған ата-аналар қатысты.

Жанұяда татуласу

05/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту» бабы бойынша Ш.-қа қатысты іс қаралды.

Сот қарау жүрісінде азамат Ш. өзінің жұбайы У-ға сыйламаушылық көрсетiп, ерегес құрғаны анықталды.  Ш. оның адресіне былапыттап сөйлеп, тілін тигізді.

Осы факт бойынша Ш. қатысты әкімшілк құқық бұзушылық туралы хаттамасы құрастырылды.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өлтіру фактісі бойынша үкім жарияланды

05/04/2016

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 48 жастағы ер адамға қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабымен 1 бөлімімен (адам өлтіру) және 188 бабымен 1 бөлімімен (ұрлық), 188 бабымен 2 бөлімімен 2 тармағымен (бірнеше рет) көзделген қылмысты жасау айыптау туралы үкім жарияланды.

Тергеу нұсқасы бойынша,  48 жастағы ер адам 2015 жылдың 19 тамыз айында өз некесіз тұрған қыздан ішік ұрлық жасап деп айыпталды. Кейінірек  2015 жылдың 28 тамыз айында ол өз некесіз тұрған қызды өлтіріп, содан кейін оның мүлкін бірнеше рет ұрлады.

Павлодар қалалық сотының шешімімен туристік қызметті қамтамасыз ету туралы келісім шарт заңсыз деп танылды

05/04/2016

Павлодар қалалық сотында Б.-ның талап арызы бойынша туристік қызметті қамтамасыз ету туралы келісім шарт заңсыз деп тану, алдын ала төлемді өндіру және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Ювеналдық сотта жедел семинар – кеңесі өткізілді

05/04/2016

Ағымдағы жылдың наурыз айында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың, сот мамандары  мен шабармандарының қатысуымен жедел семинар – кеңесі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің және Президенттің Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен сотқа смартфондарды және басқа мобильдік құрылғыларды (ұялы телефондарды, планшеттерді) кіргізуге тыйым салуды талқылау бойынша жедел семинар – кеңесі өткізілді.