Архив событий

18/04/2016

Павлодар облыстық соты ойын бизнесiн заңсыз ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады

18/04/2016

Павлодарда облыстық сот төрағасы М.Смағұловтың төрағалығымен қылмыстық істер бойынша сот алқасымен ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырған қылмыс тобына қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Іс материалдары бойынша, 2013 жылы облыстың қылмыс айналасында көсемдік жағдайы бар А.Мендубаев сотталушылардың арасында ақшаға (қарт, нарда) құмар ойындарын өткізу жолымен Павлодар облысы бойынша ҚАЖД түзету мекемесінде ойын-сауық бизнес саласында ұйымдасқан топ құрған.

Әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін моральдық зиянды өндіріп алу жөнінде іс татуласу келісіммен аяқталды

18/04/2016

Павлодар қалалық сотында азаматша И.-дың жауапкер К.-дан ар-ожданын, беделін, қызметтік келбетін және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарау барысында даулы құқықтық қарым-қатынаста бітімгерлік келісімін бекіту керек деген ортақ шешімге келді.  

Беларусь Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының шегiнен шығарылды

18/04/2016

Железин аудандық сотымен    Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және  ішкі істер органдарына  заңнамамен белгіленген тіркелуге арналған  бес күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Беларусь Республикасының азаматы Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында Н. кінәсін толығымен мойындап ішкі істер бөлімінде тіркелу қажеттігін білмегенін, түсіндірді. Өз іс-әрекетіне өкініш білдіріп, әкімшілік айыппұлды төле алмайтынына байланысты Қазақстан Республикасы  шегiнен шығарып жiберуді сұрады.

Железин аудандық сотында «Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

18/04/2016

«Дөңгелек үстел» отырысына сот төрағасы Ғ.Ертаев, Железин ауданының ІІБ-нің басшысы Е.Нургалиев, жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Уразгулов, Железин ауданының пробация қызметінің инспекторы А.Адришев, кеңсе меңгерушісі Г.Әубәкірованың қатысты.

Төраға сөз сөйлеу барысында, 2016 жылдың 1 тоқсанында аталған санаттағы істер бойынша 9 әкімшілік іс қаралды, оның ішінді тараптардың татуласуымен 6 іс қаралды, 3 іс бойынша құқық бұзушылар қамаққа және ескерту түрінде жазаға тартылғанын айтып өтті.

Экономикалық сотында гендерлік саясат бойынша семинар өткізілді

18/04/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Гендерлік саясат дегеніміз не?» тақырыбына сот судьяларымен семинар өткізілді.

Семинарды сот төрағасы М. Рысбеков ашып, мемелекеттің демократиялық іс жүргізуіндегі ең басты негіздерінің бірі ұлттық гендерлік саясат екенін белгілеп өтті. Мемлекеттің ел басымен бекітілген, 2006-2016 жылдарға Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы ең алдымен әйелдер мен ер адамдардың теңдігіне жету облысында қоғам мен биліктің өзара әрекеттесу тиімділігіне жолданған.  

Түнгі уақытта спирттық өнімді сату

18/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында түңгі уақытта алкоголь өнімін сату фактісі бойынша азаматша А. қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 200 бабының үшінші бөлігі).

Сот мәжілісінде жеке кәсіпкер А. 2016 жылдың 03 сәуірде сағат 21.29-да өзінің жұмыс орнында бөлшек сауда дүкенінде бір шөлмек арақ сатқаны анықталды.

Сотта А. өз кінәсін толық мойындады.