Архив событий

25/04/2016

Баянауыл аудандық сотының үкімдерді орындау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

25/04/2016

Баянауыл аудандық сотында « Бас бостандығынан айыруға байланысты емес үкімдерді орындау» тақырыбында пробация қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Өзінің баяндамасында пробация қызметінің аға инспекторы Е.Шайхин қазіргі уақытта 29 сотталушы есепте тұрғанын хабарлады, соның ішінде жазаларын қоғамдық жұмысқа тартылған (1 адам), бостандықтарынан шектелген (17 адам), шартты түрде сотталғандар (5 адам).

Семинар тақырыбы «Есепке алу құжаттары деректемелерінің күн сайын толтырылуын қамтамасыз ету туралы»

25/04/2016

Баянауыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Р. Шалбаева мамандармен «Есепке алу құжаттары деректемелерінің күн сайын толтырылуын қамтамасыз ету» туралы семинарын өткізді.

Павлодар облысында Соттар әкімшісі басшысының орынбасары таныстырылды

25/04/2016

Павлодар облыстық сотында Павлодар облысы Соттар әкімшісінің басшысы Сағит Ахметбеков сот ұжымына Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Гүлстан Темірованы таныстырды.

Г.Темірова 1989 жылы Май аудандық сотында сот отырысының хатшысы болып өзінің кәсіби қызметін бастаған. Әр түрлі мерзім аралығында  

Павлодар қалалық сотының кеңсе меңгерушісі, жетекші маманы, Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Осы уақытқа дейін Павлодар облыстық сотының кеңсе меңгерушісі болды.

Сотпен мүгедекті күту фактісі анықталды

25/04/2016

Павлодар қалалық сотымен азаматша М.-ның мүгедекке күтім жасау фактісін анықтап беру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Іс материалдарына сәйкес, арыз беруші 1996 жылдың 18 маусымнан  1999 жылдың 20 қаңтар аралығында өзінің жалғыз тұратын, күтімге мұқтаж мүгедек анасын күткен.   

Тараптар медиация келісімін жасау жолымен татуласты

25/04/2016

Баянауыл аудандық сотымен қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

«Скат-ПВ» ЖШС-нің М-ға үйге қызмет көрсеткені үшін қарызды өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Талқылау барысында тараптар медиациялық келісімге келді, оның шарты бойынша жауапкер бір ай аралығында 9 461 теңге қарызды және 3039 теңге сот шығындарын төлеуге міндеттенді.

Баянауыл аудандық сотында Күзет қызметкерлерімен семинар өткізілді

25/04/2016

Баянауыл аудандық сотында сот ұжымынының және МКҚБ  ПБ полиция қызметкерлерімен «Жемқорлыққа қарсы әрекет – өту режимін сақтау» атты тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – ол өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнамасын сақтау болып келеді.