Архив событий

15/04/2016

Павлодарда судьялыққа үміткерлерге тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу бойынша бірінші Комиссия отырысы өтті

15/04/2016

2015 жылдың 04 желтоқсандағы редакциясында «Қазақстан Республикасының судьялар мәртебесі және сот жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29 бабына сәйкес, 2016 жылдың 1қаңтарынан бастап судьялыққа үміткерлерге соттарда бір жылдық тағылымдамадан өту туралы талаптар ұсынылады.

Павлодар облыстық сотының судьялар үміткерлеріне тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу бойынша Комиссиямен бірінші отырыс өткізілді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясымен қаланың орта мектеп оқушылары үшін көрсеткіш сот отырысы өткізілді

15/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Григорьев «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде  орта мектеп оқушылары үшін көрсеткіш сот отырысын өткізді.

Сотпен азамат К. қатысты іс қаралды, ол 2016 жылы 12 сәуірінде алкогольді мас күйінде бола тұра, үй подъезінде бұзақылық ниеттен С.атына  былапыт сөйледі.

Ақсу қалалық сотымен халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» және «Сот кабинетінің мобильді қосымшасы» сервистерін қолдану бойынша семинар өткізілді

15/04/2016

Ақсу қалалық сотымен Ақсу қалалық «ХҚК» филиал бөлімінде «Сот кабинеті» және «Сот кабинетінің мобильді қосымшасы» тақырыбында семинар өткізілді.

 «Сот кабинеті» және «Сот кабинетінің мобильді қосымшасы» сервисі арқылы сотқа өтініш беру мүмкіндігін айқындау және қолдану басты мақсаты болып табылады.

Облыстық соттың куратор-судьясы тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Ақтоғай аудандық сотына барып қайтты

15/04/2016

Кураторлар –Павлодар облыстық сотының судьясы Р.К. Сулейменов Ақтоғай аудандық сотының судьяларымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңестің барысында, азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті сұрақтар талқыланды. Жеке санатты істер бойынша құқыққолдану тәжірибесі туралы түсіністемелер берілді, соттың статистикалық жағдайы зерделенді.

Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі

15/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен құндыз терісінен жасалған бас киімді ұралау фактісі бойынша еш жерде жұмыс істемейтін ауылдың тұрғыны 1986 жылы туылған азаматшасына қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 188-бабының бірінші бөлімі).

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 15 қазанында сотталушы А.-ның анасына қонаққа танысы келіп, бірге ішілген ішімдіктен кейін жәбірленуші ұйықтап қалған. Сотталушы осы жағдайды пайдаланып, құны 30000 тенге тұратын құндыз терісінен жасалған бас киіміне ұрлық жасаған.

Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі

15/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен «Отбасы үлгісіндегі балалар үйі» ММ-не тиесілі мүлікті ұрлау фактісі бойынша 2 қылмыстық іс қаралды.

 Іс материалдары бойынша, 1992 жылы туылған сотталушы Л. 2015 жылдың 01 - 05 желтоқсан аралығында Шарбақты ауылында балалар үйінің гаражының аспалы құлыпын сындырып кіріп, оның ішінен жалпы құны 15 400 тенге болатын домкрат, ашпалы кілт, күрек, балта және комьпютерлік динамикаларды ұрлап кеткен.

Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі

15/04/2016

Железин аудандық сотында «Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарау тәртібі» атты тақырыбына « дөңгелек үстел»   өтті.

Іс – шараға Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаев,  аудан прокуротурасының прокуроры С.Калым, Железин ауданының ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Уразгулов және кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова қатысты.

Тараптар медиациялық келісім орнатты

15/04/2016

Павлодар  аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат А. 2016 жылдың 26 ақпанында Павлодар ауданының  ауылдарының бірінде, өзінің үйінде бола тұра, әдейі отбасылық жанжал жасап, сонымен қатар бұрынғы жұбайы Ш.-ға қарсы балағат сөздер айтып, тіл тигізген. Осындай әрекеттерімен «Отбасылық қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттері» ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлігіне қарасты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Павлодар ауданының тұрғыны анасын қорлағаны үшін сотпен жауапкершілікке тартылды

15/04/2016

Павлодар  аудандық сотымен құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын  адамдарға  сыйламаушылық  көрсету фактісі  бойыша әкімшілік  іс қаралды (ӘҚБтК-нің 73-бабының 1 бөлімі).

Іс материалдары бойынша, 2016 жылы 5 наурызда сағат 22-30-да азамат Б. Павлодар ауданының бір ауылында, өзінің ата-анасының үйінде бола тұрып, алкогольдік мас күйінде жанжал көтеріп, сонымен қатар өзінің анасына  былапыт сөйледі.

Осы факт бойынша Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды.

Шарбақты ауданының тұрғыны әкесімен жанжал шығырғаны үшін бір тәулікке қамаққа алынды

15/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен «отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекеттерді» жасағаны үшін, ӘҚБтК бабына көзделген 1969 ж.т. Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқықбұзушы ағымдағы жылдың 10 сәуірінде мас күйінде туыстарымен жанжал шығырып, өзінің әкесін балағаттап, төбелесуге ұмтылып, тыныштықтарын бұзған.

Сот оны ӘҚБтК-нің 73-бабының бірінші бөлімі бойынша айыпты деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Пробация қызметінің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы ұсынысы қанағаттандырылды

15/04/2016

Железин аудандық сотымен  2015 жылы 06 мамырда (ҚК 188 бабы 2-бөлігі 3-тармағының) «заңсыз қоймаға кіруімен ұрлық жасау» бойынша сотталған М. қатысты, Железин ауданының пробация қызметіның ұсынысы бойынша сотпен тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалы қаралды.