Архив событий

19/04/2016

Лебяжі аудандық сотымен мемлекеттік қордың орманшылары сотталды

19/04/2016

Павлодар облысының Лебяжі аудандық сотында орманды заңсыз кесу және дайындалған ағашты ұрау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,  Бесқарағай филиалы «Ертіс орманы»РММ МОТР Көкжал орманшылықтың орманшысы өз бағынуындағы бес жұмыскерлермен – екі орманшы,  орман шебері және жүргізушімен алдын ала сөз байласып, 10 кубометр қарағай тұқымды ағаш сүрегін заңсыз кескен. Ұрланған аған сүрегін ШҚО-ның аумағында сатпақшы болды.

Сотта дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

19/04/2016

Павлодар қалалық сотында талапкерлер Т. және Е.-нің жауапкерлер Е.және Д.-ға мұраны бөлу және осы талапкерлердің жауапкерлер Е. және Д.-ға, нотариус Ж.-ға мұрагерлік құқығын беретін куәлікті заңсыз деп тану туралы талап арыздар бойынша біріктірілген азаматтық іс қаралды.    

Мұрагерлер арасындағы мұраға қалған мүліктерге: пәтердің ½ бөлігі, екі көлік құралы мен тіркемедегі ½ бөлігі, жер астындағы гараждың ½ бөлігі, пәтер, ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлес.     

Бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салғаны үшін сауда өкілі сотталды

19/04/2016

Павлодар қаласының №2 сотында өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша айыпталудағы қаланың азаматшасына қатысты іс қаралды.

Екібастұз қалалық сотында электрондық атқару құжаттарын орындауға жолдау бойынша семинар өткізілді

19/04/2016

Екібастұз қалалық сотында «Атқару парақтарын, қаулыларды және сот бұйрықтарын орындауға электрондық форматта жолдау» тақырыбына семинар өткізілді.

Сот мәжілісің хатшыларымен сабақты кеңсе меңгерушісі З. Барлыбаева жүргізді.

Іс жүзінде анықталғаны іс бойынша электронды есепке алу құжаты толық немесе дұрыс толтырылмаған жағдайда кедергі туындайды. Бұл жаңашылдықтардың бәрі уақыт пен қаражатты үнемдеуде  өз пайдасын тигізетіні белгіленді.

Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс келісілген іс жүргізуінде қаралды

19/04/2016

Павлодар облысының Май аудандық соты өмір үшін қауіпті белгісінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы қылмыстық іс бойынша үкімді жариялады.

Қылмыстық іс сотқа Май ауданының прокуроры мен сотталушы К. арасында ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінің (деңсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі іс жүргізу келісімі бойынша түскен.

Павлодарда сот актісін орындау кезеңінде бітімгерлік келісімі бекітілді

19/04/2016

Павлодар қалалық сотымен сот шешімінің орындалу кезеңінде тараптардың арасында бітімгерлік келісімі бекітілді.

2010 жылдың мамыр айында Павлодар қалалық сотының шешімімен жауапкерден «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның пайдасына 9 742 627 теңге және әрбір жауапкерден мемлекеттің пайдасына 73 069 теңге баж алымы өндірілген.  

Сот актісін орындамау салдары

19/04/2016

Павлодар облысының Май аудандық сотында  атқару құжатын орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 8 шілдедегі Май аудандық сотының сот бұйрығымен Ш.-дан Ж.-ның пайдасына баланы асырауға ¼ мөлшерінде еңбектен немесе басқада кірістерден ай сайын кәмелетке толған жасына дейін алимент өндіріп алынды. Бірақ, азамат Ш., сот актісін орындаудан жалтараған,  сол себептен қарыз пайда болып, 2016 жылдың 1 сәуіріне 198 756 тенге қарызды құраған.

Сотпен 2016 жылдың бірінші тоқсанында арнайы құқықтан айыру жөнінде 245 әкімшілік іс қаралды

19/04/2016

2016 жылдың бірінші тоқсанында Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік ұйытқұмар күйде басқарған адамдарға қатысты 345 әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, жоғарыда аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы жол жүру қағидаларының 2-тараудың 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзғандығы анықталды. Олар өздерінің әрекеттерімен жол қозғалысына айтарлықтай қауіп төңдірді.

Аудан тұрғыны полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/04/2016

Павлодар облысының Лебяжі аудандық сотымен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау фактісі бойынша іс қаралды.

Іс материалы бойынша, 2016 жылдың 14 наурызында сағат 23.30 шамасында Ж. Павлодар қаласында жалған номерлерімен Toyota Camri автоколігін басқарған. Соған қоса, жүргізушіде көлік құралын басқару құқығын куәландыратын құжат болмаған. 2016 жылдың 15 наурызында сағат 2.40 шамасында Ж. медециналық  куәландырудан өту жөнінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

Сотпен денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

19/04/2016

Павлодар облысының Качир аудандық сотымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес,  2016 жылдың 9 қаңтарында М. және С.-ның арасында ұрыс пайда болды. Нәтижесінде М. жәбірленуші С.-ның деңсаулығына шегежұлғышпен  ауыр зиян келтірген.  М. жәбірленушінің жарасынан аққан қанды көріп, орамалмен қанды тоқтатпақ болған.