Архив событий

06/04/2016

Сотпен шаруашылық ауладан ұрлық жасауға қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

06/04/2016

Железин аудандық сотымен  ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі -188-бабы 2- бөлігі 3-тармағына (заңсыз кірумен ұрлық жасауға оқталу) көзделген қылмыс жасауда Ф.-ке қатысты қысқартылған тәртіпте қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 10 наурызында сотталушы Ф. түнгі уақытта азаматша А.-нің шаруашылық ауласынан қаз ұрлауға әрекеттенген, бірақ қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмай, қылмыс жасау орнында жәбірленушімен ұсталды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады.

Сотта жол жүру ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

06/04/2016

Павлодар қаласының № 2 сотында «көлiк құралын басқаратын адамның жол жүру ережесін бұзған салдарынан абайсыздан адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы» бойынша қылмыс жасауда Павлодар қаласының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 1 - бөлімі 345 – бабы).

Жұмысқа қайта орналасу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

06/04/2016

Железин аудандық сотында жұмыс орнында болмаған уақыт ішінде жұмысқа қайта орналасу және жалақыны өндіріп алу туралы азамат К.-ның «Железин аграрлы-техникалық колледжі» КМҚМ-не қатысты талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар медиация тәртібінде келісім жасалып, оның шарты бойынша талапкер талап арызынан бас тартты, ал     жауапкер  талапкерді 2016 жылдың 01 сәуірінен бастап, еңбек шартты жасап, жұмысқа электрик қызметіне қабылдады.

Май аудандық сотында гендерлік теңдік стратегиясы тақырыбына дөңгелек үстел өтті

06/04/2016

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық прокуратура, әділет басқармасының, ішкі саясат бөлімінің, жергілікті әкімшілік және жергілікті полициясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы У.Рахымбергенова  қатысушыларға ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІНДЕ ҚЫСҚАТЫЛДЫ

06/04/2016

Ақтоғай аудандық сотымен  ҚК 126-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру); 149-бабының 2-бөлігі (тұрғын жайға қолсұғушылқты бұзу), 115- бабы (қорқыту) бойынша  50 жасар К. Смагуловқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Сотқа дейінгі тергеу органымен К.Смагулов 2015 жылдың 21 қазанда сағат 14-00 шамасында өзінің үйінде азаматша З. пышақ арқылы өліммен қорқытып, кесіген және жара түрінде дене жарақаттарын келтірген.

Әкімшілік мемлекеттік лауазым орнына тұруға 2016 жылдың 5 сәуіріндегі байқау комиссиясының оң қортындысын алған үміткерлердің тізімі:

06/04/2016
  1. Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі (кадр қызметі) қызметкерлерін басқару басшысы лауазымына А.С.Адамжанова;
  2. Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі ақпараттық ресурстарын сақтау және ақпараттық технология бөлімі басшысының лауазымына С.Г.Жаров;
  3. Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі қаржы бөлімі басшысының лауазымына А.С.Нұрымова;
  4. Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі соттарында жемқорлықты алдын алу және ішкі қауіпсіздік бөлімінің аға сот приставы лауазымына А.А.Қанатбаев;

Ұрлыққа оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

06/04/2016

Павлодар қ. №2 сотында ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігінің (ұрлыққа оқталу) бойынша айыпталған қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Б., 2016 жылдың ақпан айында «Квазар» сауда үйінде орналасқан бір бутиктен айналасынан жасырын 7 000 теңге тұратын бала пуховигін ұрлап әкетті, содан сол бутиктен шығып, сауда үйінің күзет қызметкерімен ұсталынды.

Мамандандырылған экономикалық сотында сырттай өндіріс тәртібін талқылады

06/04/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «сырттай өндіндіріс тәртібінде азаматтық істерді қарау» тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.

Сот төрағасы М.Рысбеков семинар оқуын ашық деп жариялап, сот талқылауына істі тиісті түрде дайындау қажеттілігін айтып өтті.

Баяндамашы судья Г.Бертыбаева сырттай шешімді шығару барысында туындаған күрделі мәселелер бойынша баяндаумен сөз сөйледі.

Судья сырттай іс жүргізу және сырттай шешімді реттейтін АІЖК тарау нормаларын қолдану туралы толық тоқталып өтті.

Сотпен балаға қосымша алиментті өндіріп алу ісі бойынша медиация келісімі бекітілді

06/04/2016

Павлодар қалалық сотында азаматша К.-ның жауапкер Г.-дан ай сайын медикаментоздық емделуге және бейімделуге мұқтаж, бала кезінен мүгедек – ұлын асырауға қосымша алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот мәжілісі барысында судьяның ықпал етуімен тараптардың арасында дауды медиация тәртібінде реттеу мүмкіндігі туды.

Азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

06/04/2016

Май  аудандық сотымен  Ж.-ның  К-ға бірлескен мүліктен үйлесімді несие бойынша қарыз соммасын өндіріп алу және ортақ мүлікті қолдану тәртібін анықтау туралы талап арызы бойынша азааттық іс қаралды.