Архив событий

08/04/2016

Билік өкiлiн қорлағаны үшін Павлодар тұрғыны сотталды

08/04/2016

Сотпен ҚК-тің 378-бабының 1-бөлігіне көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған Павлодар тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың желтоқсан айында айыпталушы Т. жұмыс орнында мас күйінде болу себебімен, дүкен иесінің және дүкен қызметкері арасында сөзге келіспеушілік пайда болды. Жанжал барысында оның атына дөрекілік сөйлегені үшін, дүкен иесі полиция қызметкерлерін шақырды.

Сот әкелігін анықтауға қатысты дау бойынша талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

08/04/2016

Павлодар қалалық сотына азамат А.-ның Ж.-ға әкелігін даулау бойынша талап арызбен жүгінді,  өз талабын жауапкермен некеге тұрғанын дәлелдеген. Жауапкер балалы болды. Талапкер өзін баланың биологиялық әкесі емес ойлағанын түсіндірген.    

Сотпен тараптардың 2008 жылы заңды некелерін тіркеп, сотқа ұсынылған баланың туу туралы куәлігінде баланың әкесі талапкер А.-деп көрсетілгендігін анықтады.

Талапкердің өтініші бойынша сот ұйғарымымен сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы тағайындалды.     

Сотпен әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

08/04/2016

 2016 жылдың 05 сәуірінде Шарбақты аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін  жауапкершілікке тартылған Шарбақты ауданының тұрғындарына қатысты екі әкімшілік іс қаралды ( ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі).

 Құқықбұзушы өзінің жұбайына балағат сөздер айтып, үй ішінде жанжал шығара отырып, оның  тыныштығын бұзғаны анықталды.

 Сот мәжілісі барысында құқық бұзушылар мен жәбірленушілер медиациялық келісімге келіп, сотты іс бойынша іс жүргізуін қысқартуды сұрады.

Ауданның тұрғыны үш тәулікке қамауға алынды

08/04/2016

Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотымен ӘҚБтК 440-бабының  4 бөлігі бойынша  азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалы бойынша Г., алкогольдік ішімдіктерді ішу және мас күйінде қоғамдық жерлерде болғаны үшін ӘҚБтК 440 бабы бойынша бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 2016 жылдың 6 сәуірінде сағат 12.00 шамасында ауыл көшесінде алкогольдік мас күйінде болған.

 Сот отырысында Г.әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде кінәсін толық мойындады.

Сот банк қарызы бойынша қарызды өндіріп берді

08/04/2016

Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотымен «Банк» АҚ-ның А-ға талап қою бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы оңайлатылған тәртіп бойынша азаматтық іс қаралды.

Банк қарызының шарты бойынша Банк А-ға 36 ай мерзіміне тұтынушылық мақсатына 347 400 теңге мөлшерінде қарыз ұсынды. Сонымен қатар, қарыз алушы кесте бойынша қарызды және сыйақыны мерзімде және уақытында төлеу керек болған. Бірақ сол міндет жауапкермен сақталмаған және орындалмаған.

2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін жауапкердің Банк алдында 414 539, 09 тенге қарыз қалыптасқан.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты университет студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді

08/04/2016

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К.Байғоншеков «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбына қаланың университет студенттеріне ашық есік күнін өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларды 2006 жылдың 16 қаңтар айының «Алқабилер туралы» заңымен, сондай-ақ қылмыстық істерді қарауда алқабилердің қатысу тәртібіне қатысты Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзерістермен таныстырды. Ашық есік күнінің қатысушыларына толық көлемде барлық мәселелер бойынша түсініктемелер мен жауаптар берілді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация тәртібінде татуласу» атты дөңгелек үстел өткізілді

08/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер. Медиация тәртібінде татуласу» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға судьялар мен Екібастұз қаласы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.

Сотпен Железин ауданының тұрғыны 5 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

08/04/2016

Железин аудандық сотымен П., қатысты әкімшілік іс қаралды, ол ағымдағы  жылдың 09 наурызында алкогольді мас күінде «ВАЗ 21102»  маркалы көлігін басқарып РФ Ресей Темір Жолы КАҚ -ның  бағдаршамын және теміржол өткелдің муфтасын соғып кетті.

Сот құқық бұзушы П.-ны ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып,оған 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Шарбақты аудандық сотымен арнайы орналастыру орнында болғаны туралы фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды

08/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен К. атты азаматшаның өтініші бойынша арнайы орналастыру орнында болғаны туралы заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Железин аудандық сотында «Бір ай ішінде төленетін айыппұл» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

08/04/2016

Железин аудандық сотында сот төрағасы Ғ.М.Ертаевтың, аудан   прокуроры К.С.Атыгаевтың, Железин ауданының ІІБ басшысы Е.М.Нургалиевтың,  ауданының Әділет басқармасының басшысы В.А.Гуринаның, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы М.Джураевтың   қатысуымен, «Бір ай ішінде төленетін айыппұл»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот банк қарызы бойынша қарызды өндіріп берді

08/04/2016

Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотымен «Банк» АҚ-ның А-ға талап қою бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы оңайлатылған тәртіп бойынша азаматтық іс қаралды.

Банк қарызының шарты бойынша Банк А-ға 36 ай мерзіміне тұтынушылық мақсатына 347 400 теңге мөлшерінде қарыз ұсынды. Сонымен қатар, қарыз алушы кесте бойынша қарызды және сыйақыны мерзімде және уақытында төлеу керек болған. Бірақ сол міндет жауапкермен сақталмаған және орындалмаған.

2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін жауапкердің Банк алдында 414 539, 09 тенге қарыз қалыптасқан.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты университет студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді

08/04/2016

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К.Байғоншеков «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбына қаланың университет студенттеріне ашық есік күнін өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларды 2006 жылдың 16 қаңтар айының «Алқабилер туралы» заңымен, сондай-ақ қылмыстық істерді қарауда алқабилердің қатысу тәртібіне қатысты Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзерістермен таныстырды. Ашық есік күнінің қатысушыларына толық көлемде барлық мәселелер бойынша түсініктемелер мен жауаптар берілді.

Жеке айыптау бойынша шағым қаралды

08/04/2016

Павлодар қ. №2 сотында «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы емдеу мекемесінің» қызметкерлерінен ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігі  – «Жала жабу, басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу бұқаралық ақпарат құралдарымен жалған мәліметтерді тарату» бойынша Павлодар қаласының 2 тұрғынына қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке айыптау бойынша шағым қаралды.