Архив событий

07/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

07/04/2016

Шарбақты аудандық сотымен ҚК 188 б. 1 б. ұялы телефон ұрлау фактісі бойынша, Хмельницкое ауылының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыс келесі мән жайларда жасалған, 2016 жылдың 27 ақпанында сағат 08.00 шамасында сотталушы К. өзінің танысының үйіне келген. К. үйдің қожайыны үйден шығып кеткенінін пайдаланып, құны 5500 тенге тұратын «Nokia» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Сот тергеуі басталмас бұрын жәбірленушіге шығын толығымен өтеліп, жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты сотталушымен келісім ұсынылды.

Павлодар қалалық соты неке қию туралы азаматтың хал акті жазбасын жою туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

07/04/2016

Павлодар қалалық сотында азаматтар Ф. пен К.-ның және «Павлодар қалалық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-не азаматтық хал акті жазбасын жою туралы азаматтық іс қаралды.

1987 жылдың 23 тамызында азамат Ф. мен азаматша К. некелерін тіркегені анықталды. Сонымен қатар,  талапкер Ф. 1987 жылдың тамыз айында некені қию мүмкін болмағандығын, себебі К. ол уақытта Германия Демократиялық Республикасында әскери борышын өтеп жүрген. Соған байланысты, 1987 жылдың 23 тамызында некені тіркеу туралы азаматтардың хал акті жазбасын жоюды сұрады.     

Павлодарда соттардың қызметі туралы телебағдарламасы жүзеге асырылуда

07/04/2016

Павлодар облыстық соты бастамасымен «Казахстан-Павлодар» телеарнасында «Арнайы репортаж» тележобасы аясында соттардың қызметі туралы көпшілікке арналған телебағдарлама өз жұмысын бастады.

Жобаның басты міндеттерінің бірі - Павлодар облысы тұрғындарының  құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. Бағдарлама тұрақты телекөрерменнің жеке өмірлік мәселелерін шешуге, алаңдататын сұрақтарға жауап табуына септігін тигізеді.    

Судья кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұқпаушылық саласында құқыққа қарсы мәселелер бойынша Павлодар прокуратурасымен ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты

07/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғалия Рахматулина Павлодар қаласының прокуратурасымен ұйымдастырылған кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұқпаушылық саласындағы құқыққа қарсы мәселелер бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты.