Архив событий

21/04/2016

Ювеналдық соттың судьялары Павлодар қаласының ИнЕУ-нің колледж студенттерімен кездесті

21/04/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия Университеті колледжінің заңгерлер факультетінің студенттерімен кездесті.

Студенттерге соттың судьялары М.Иванова және Ғ.Рахматулинамен дәріс оқылды.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот іс жүргізуін дыбыс-бейне жазбамен бейнелеу жабдықтарын қолдану мәселелері бойынша кеңес өткізілді

21/04/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г.Қалдаровпен сот қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Кеңес қатысушылары сот жүйесінде барлық сот іс жүргізулері дыбыс-бейне жазба жабдықтарымен жүргізу міндеттелгендігін, соның нәтижесінде электронды түрде хаттама жасалатыны туралы мәселелерді талқылап өтті.

Май аудандық сотында медиацияны қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

21/04/2016

Павлодар облысы Май аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы» және сот әділдігін жүзеге асыру кезінде оны қолдану» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға соттың төрағасы У.Рахымбергенова, кәсіби емес медиаторлар, аудан әкімшілігінің басшылығы, аудан прокуроры мен қорғаушылар қатысты.

Өзінің сөз сөйлеуінде Ұ. Рахимбергенова Заң үстемдігі қағидасын жүзеге асыруда маңызды бағыттың бірі татуласу рәсімдерін дамытудың өзектілігін атап өтті.

Екібастұз қалалық сотымен ірі мөлшерде есірткі затын сату фактісі бойынша үкім шығарылды

21/04/2016

Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотымен ірі мөлшерде есірткі затын  сату фактісі  бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Екібастұз қаласының тұрғыны П. өз үйінде әрі қарай сату мақсатында үлкен мөлшерге жататын салмағы  67,15 грамм кептірілген марихуанна есірткі затын сақтаған. 2015 жылдың 23 маусымда сағат 22.00  шамасында  ол «Audi C4» маркалы автокөлік салонында қылмыстық әрекет моделін еліктегішке  12 000 теңгеге заңсыз есірткі сатқан.