Архив событий

27/04/2016

Павлодарда судьялыққа үміткерлерге тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу бойынша кезекті Комиссия отырысы өтті

27/04/2016

2016 жылдың 27 сәуірінде Павлодар облыстық сотының судьялыққа  үміткерлерге тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу бойынша Комиссия мүшелерінің отырысы өтті және осында судьялыққа үміткерлермен кеңес өткізілді.

Облыстық соттың судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу бойынша Комиссияға тағылымдамадан өту туралы 4 өтініш түсті.

Ашық отырысты өткізу нәтижесінде барлық төрт үміткерлерге оң қорытынды берілді.

Баланы республика шеңберінен шығару қайшылықтарына тараптар медиациялық келісіммен реттеді

27/04/2016

Павлодар қалалық сотының ұйғарымымен бұрын ерлі зайыпты болған азаматтардың ортақ кәмелетке толмаған балаларын ел шеңберінен шығуға рұқсат беру туралы дау бойынша медиация тәртібінде келісім бекітілді.  

Медиация рәсімін өткізудің нәтижесінде жауапкер А. баланың мүддесін ескеріп, кәмелетке толмаған баласы К.-ның ел шеңберінен шығуына ерікті түрде рұқсат береді, талапкер И. өз кезегінде талап арызынан бас тартады.     

Екібастұз қалалық сотымен ЖКО жасаған жүргізушіге үкім шығарылды

27/04/2016

Екібастұз қалалық сотымен қазаға ұшыраумен болған ЖКО жасаған кінәлі көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес,  сотталушы мас күйінде автокөлік жүргізіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Жол көлік  оқиғасы салдарынан  алған дене жарақаттарынан автокөлік жүргізушісі Екібастұз қаласының  орталық қалалық ауруханасында  жан сақтау бөлімінде  қайтыс болды, ал жолаушысы әр түрлі дене жарақаттарымен орталық қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.

Ертіс ауданы тұрғынының әрекеті дұрыс сараланбағанына байланысты сот іс бойынша іс жүргізуді қысқартты

27/04/2016

Ертіс аудандық сотымен ӘҚБтК 127-бабының екінші бөлігіне сәйкес, ата-аналармен өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамағаны үшін азамат М қатысты әкімшілік  іс қарастырылды.

Іс материалдары бойынша, кәмелетке толмаған С. 10 күн бойы мектепті босатқан. Соған байланысты оның әкесі азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Құқық бұзушылық жасаған мұғалімге шара қолданбағаны үшін білім бөлімі басшысының атына сот жеке қаулы шығарды

27/04/2016

Павлодар облысы Железин аудандық сотының  қаулысымен 23 жасар  М. ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігіне көзделген (алкогольді масан күйінде автокөлікті басқару) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 3 жыл көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот отырысыныда М. Железин ауданының орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейтіні анықталған, және оның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы кешірілмейтін қылығы болып саналады, ол қызметкердің беделін төмендетеді.

Железин аудандық сотында «Ертіс және аудан өзендерінде заңсыз балық ресурстарын өндіруді болдырмау бойынша өкілетті және мүдделі органдардың жұмыс жағыдай туралы» тақырыбына аралық кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді

27/04/2016

«2015 жылдың және 2016 жылдың ағымдағы мерзімінде Железин ауданы өзендерінде және Ертіс өзенінде балық ресурстарын өндіруді болдырмау бойынша өкілетті және мүдделі органдардың жұмыс жағыдай туралы» тақырыбына Железин аудан прокуратурасында өткен аралық кеңейтілген кеңесіне сот төрағасы Г.Ертаев қатысты.

Іс – шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудан әкімі, ауыл округтерінің әкімдері қатысты.

Облыстық соттың судьялары Ертіс аудандық сотына барып қайтты

27/04/2016

Павлодар облысының соттарға сапар кестесіне сәйкес, сот этикасы жөніндегі комиссия төрағасы, Павлодар облыстық сотының судьясы А.Нұркиев және комиссия мүшесі Павлодар облыстық сотының судьясы Л.Клименко Ертіс аудандық сотына барып қайтты.

Кеңес барысында комиссия төрағасы А.Нұркиевпен  судьялар мен мамандардың назарын судьялармен сот этикасы нормаларын сақтауға аударылды, сот іс жүргізуін дұрыс өткізуге және  сот тарапынан және аудандық соттың қызметкерлерімен сот процессінен тыс уақыттарда кері әсерлі тәртіпке жол бермеуге ұсыныстар берілді.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

27/04/2016

Железин  аудандық сотымен   ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы).

Қылмыстық іс материалдары бойынша, Х. 2016 жылдың 11 наурызында Жана Жулдыз ауылында жәбірленуші К.-дан 5 кг қой етін ұрлап, 7000 тенге соммасына нұқсан келтірген.