Архив событий

13/04/2016

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

13/04/2016

Май аудандық сотымен тұрғын уй-жайына еркін түрде кіру жолымен жасалған ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдары бойынша, А. 2016 жылдың қаңтар айында өзінің сыныптас П-тың үйінде бола тұра, кәмелетке толмаған Г-ның Самсунг Галакси Мега маркалы ұйялы телефонын ұрлап алған, соның салдарынан  жәбірленушіге 60 000 теңге тұратын материальдық шығын келтірілген.

Шарбақты аудандық сотымен әкімшілік істер медиация тәртібінде қысқартылды

13/04/2016

2016 жылдың 12 сәуірінде Шарбақты аудандық сотымен, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін,  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін үш аудан тұрғындарына қатысты үш әкімшілік іс қаралды.

Сотта аталған құқық бұзушылар өздерінің жұбайларымен жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, үй ішінде бүлік шығара отырып, олардың  тыныштығын бұзғаны анықталған.

Сот отырысы барсында жәбірленушілер мен құқық бұзушылар медиациялық келісімге келіп, сотты іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Жұбайын асырауға алиментті өндіріп алу медиация тәртібімен шешілді

13/04/2016

Железин аудандық сотымен жұбайын асырауға алиментті өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.
Азаматша А., өзінің бұрынғы жұбайынан өзін асырауға алимент өндіріп алу жөнінде талап арызбен сотқа жүгінген, себебі ол екеуінің 2014 жылы туған ұлдарын күту демалысында. 

Төрағалық етуші судьямен тараптарға дауды медиация тәртібінде шешу мүмкіндігі жөнінде тиісті түсінік беру нәтижесінде, тараптар медиация рәсімін өткізуге келісті.

Баянауыл аудандық соты шартты түрде соттаудың күшін жойды және бас бостандығынан айыру түріндегі үкіммен тағайындалған жазаны орындауға қаулы етті

13/04/2016

Баянауыл аудандық сотымен 22 жасар С.-қа қатысты сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау және шартты сотталудың күшін жою туралы Баянауыл ауданының пробация қызметі аға инспекторының ұсынысы қаралды.

 Сотпен Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2014 жылдың 14 қазандағы ескі басылымда ҚК-нің 257 бабының үшінші бөлігі бойынша (қаруды қолданумен жасалған бұзақылық) 2 жылға сынақ мерзімімен 3 жылға бас бостандығынан ауыру жазасы тағайындалды, сотталушыға белгілі бір міндеттер жүктелді.

Павлодар уадандық сотымен кәмелетке толмағанды қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

13/04/2016

Павлодар аудандық соты кінәсін мойындау жөнінде мәміле түрінде іс жүргізу келісім жасауына байланысты, азамат И.-ға қатысты қылмыстық іс келісім іс жүргізуінде қаралды.                                                                              

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың  2 желтоқсанында сағат 19 шамасында жүргізуші И. Павлодар ауданының бір ауылында жолдың жиегіне шығып кетіп, сол бағытта әкесі О-мен келе жатқан 2007 жылы 8 ақпанда туған кәмелетке толмаған М.-ты қағып кетті.

Шарбақты аудандық сотында «дөңгелек үстел» басында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

13/04/2016

Шарбақты аудандық сотында судьялардың, мамандардың және аумақтық сот актілерін орындау бөлімі басшысының қатысуымен «дөңгелек үстел» басында сот актілерін орындау мәселелерін, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құқықтық қағидалары талқыланды.

Іс-шарада қатысушылар атқару құжаттарын орындауға жолдау, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметтік негіздерін зерделеді.

Қайталанған көлік құқық бұзушылығы үшін Железин ауданының тұрғыны сотталды

13/04/2016

Железин аудандық сотында алкогольдік мас күйінде басқару құқығынан айырылған адаммен көлік құралын басқару фактісі бойынша  қылмыстық іс қаралды.   

Іс материалдары бойынша, К. 2014 жылдың 15 желтоқсанында 2 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылған. Әкімшілік құқық бұзушылық болуына қарамай, К. қайта заңды бұзған.

  2016 жылдың 28 наурызында сағат 15.00 шамасында азамат К. Железин ауылында көлік құралын мас күйінде басқарған.

Ірі-қара малды қағып кеткен үшін жүргізуші 5 жылға басқару құқығынан айырылған

13/04/2016

Май аудандық сотымен ӘҚБтК 608-бабының үшінші бөлігі бойынша азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (мүлікті бұзуға әкелген, алкогольді мас күйінде болған адаммен көлік құралын басқару).

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 15 наурызында Г. Mazda Bonqo маркалы автокөлігін Ленинский-Курчатов тас жолында басқара келе ірі- қара малды қағып кеткен.

Жұмыс орнында марихуананы шеккен үшін жауапкершілік

13/04/2016

Павлодар аудандық сотымен есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 16 наурызында түнгі сағат 03 шамасында Д. Павлодар ауданында орналасқан ауылдарының бірінде ЖШС-нің малшысы бола тұра, өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде, өзін есірткілік мас күйіне жеткізу мақсатында марихуана есіріткі затын пайдаланған. Оның есірткі мас күйінде болғаны куәландырумен расталды.

Сот отырысында Д. қылмыстық құқық бұзушылық жасау бойынша тағылған айыбы үшін кінәсін мойындады.