Шарбақты аудандық сотымен әкімшілік істер медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 12 сәуірінде Шарбақты аудандық сотымен, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін,  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін үш аудан тұрғындарына қатысты үш әкімшілік іс қаралды.

Сотта аталған құқық бұзушылар өздерінің жұбайларымен жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, үй ішінде бүлік шығара отырып, олардың  тыныштығын бұзғаны анықталған.

Сот отырысы барсында жәбірленушілер мен құқық бұзушылар медиациялық келісімге келіп, сотты іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар жәбірленушілермен татуласқандарына байланысты, әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі