Жұмысқа қайта орналасу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында жұмыс орнында болмаған уақыт ішінде жұмысқа қайта орналасу және жалақыны өндіріп алу туралы азамат К.-ның «Железин аграрлы-техникалық колледжі» КМҚМ-не қатысты талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар медиация тәртібінде келісім жасалып, оның шарты бойынша талапкер талап арызынан бас тартты, ал     жауапкер  талапкерді 2016 жылдың 01 сәуірінен бастап, еңбек шартты жасап, жұмысқа электрик қызметіне қабылдады.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде келісімі бекітіліп,сотөндірісіқысқартылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі